Сексуалды қысым көрсету және зорлық
Сексуалды қысым көрсету – кең таралған негативті тәжірибе, психиканы жарақаттап, жағымсыз медициналық-әлеуметтік салдарға алып келеді.
Сексуалды зорлық – қоғамда орын алатын ең жиіркенішті әрекет. Сексуалды зорлықтан қорғану өте қиын, өйткені оның құрбандары көбінесе арын сақтау үшін құпия ретінде сақтайды. Көпшілік зорлаушылар өздерінің құрбандарын болған нәрсе туралы ақпаратты жария етемін деп қорқытады. Бірақ бұл тек жай ғана қорқыту, себебі осы арқылы зорлаушы өзінің бас бостандығын қауіп- қатерге қояды. Өйткені зорлық ауыр қылмыс болып табылады. Сонымен қатар, сотталғандар арасында зорлаушылар аса құрметке ие емес, және істеген әрекеті өзінің басына келеді.
Сексуалды қысым көрсету
Қазіргі жағдайда сексуалды қысым көрсету әрекеттері «қалыпты жағдай» ретінде бағаланып жүр. Мысалы, жас азаматтар көшеде келе жатып, бір қызды көре қалса, “Эй, әдемі қыз! Кел бізге, танысайық!” деп айтуда ешқандай ұят нәрсені байқамайды.
Ал сексуалды қысым көрген азаматшалар бұған теріс көзбен қарайды. Сексуалды қызығушылықпен ер азаматтар қыздарға ғана емес, қыздар мен әйелдердің өздері де ер балаларға қысым көрсететіні, тіпті ер балаларға ерлердің өздері қысым көрсететіні анықталған.
Қысымның құрбаны болған азаматтар үнемі қорқыныш сезімде жүреді, тіпті мектепке баруға да қорқады. Бұл өз кезегінде оқу үрдісіне кері әсерін тигізеді. Олар өзімен болып жатқан жайттарды айта алмайды, тіпті түсінбейді де. Кейбір жағдайда қорқыныш сезімі толық билеп алады.
Жиі қысым көрсету әрекеттері мына жерлерде болады:
- көп адам жиналатын орындарда – қоғамдық көліктерде, дискотекада немесе кезекте тұрған кезде. Бұл жағдайдағы азамат тек қысым көрсетушіден ғана зардап шекпейді, айналасын қоршаған адамдардан қысылады.
- тар жерлерде – лифтте, бос купеде, жеке таксиде. Бұл өте қауіпті жағдай, себебі қысым ары қарай зорлыққа ұласуы мүмкін.
Сексуалды қысым көрсету – бұл объект үшін сексуалды мәндегі еріксіз, ешқандай итермелеусіз назар аудару болып табылады. Бұл дегеніміз не?
Ешқандай итермелеусіз – бұл қысымға ұшыраған адам сексуалды назарды аудару үшін ешқандай іс- әрекет жасамайды деген сөз.
Еріксіз – азамат бұл сексуалды қысымды қаламайды және одан тезірек құтылуды ойлайды.
Объект – адамдардың жынысына байланысты емес (бозбала немесе бойжеткен).
Сексуалды мәндегі назар аудару – бұл жыныспен байланысты қандай да бір нәрсеге назар аудару.
Сексуалды қысым қалжың, ескертпе, қимыл, көзқарас және т.б. түрінде болуы мүмкін. Егер де сізге белгісіз біреу келіп сексуалды мәндегі бір нәрсе айтса немесе қолын тигізсе, және одан сізде ыңғайсыз бір жағдай туып, оның ондай әрекетін тоқтатқыңыз келіп қарсылық көрсетсеңіз, ал ол адам осы әрекетін ары қарай жалғастыра берсе, бұл нағыз сексуалды қысым болып табылады.
Бұл жерде қысымға тап болған адамның сол кездегі бастан кешетін сезімі, алған әсері маңызды болып табылады.
Есіңізде болсын, сіздің ойыңызды ешкім оқи алмайды. Егер де сізге біреу келіп қысым көрсетпекші болып әрекетін бастаса, ал сіз түк болмағандай тұра берсеңіз, жағдайыңыз одан да қиындауы мүмкін. Бұл жағдайда қысым көрсетуші бұл әрекетін сізге ұнайды деп қабылдауы мүмкін. Мұндай жағдайда сіз көрсеткен қарсылық оған ұнамай қалуы мүмкін деп уайымдамаңыз.
Ал кейде сізді ренжіткен кейбір адамдар оны білместіктен, әдейі емес жасауы мүмкін. Ол кездейсоқ жасалған әрекет болса да, оны сіз қысым ретінде қабылдауыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда ол адамға мұндай әрекет сізге ұнамайтынын айту маңызды. Егер де сол кезде ол адамның ойында ешқандай теріс пиғыл болмаса, дер кезінде сізден кешірім сұрайды да, мәселе сол жерде шешіледі. Ал егер де сізден кешірім сұрамаса, немесе әрекетін ары қарай жалғастыра берсе, сіз басқа іс- әрекетке дереу көшуіңіз керек.
Яғни сіздің мазаңызды алған адаммен сөйлесіп, араша түсетін басқа адамның көмегіне жүгінуге болады. Ол оқытушы, жаттықтырушы, белгілі бір туысқанын немесе тіпті жай көршің де болуы мүмкін. Осы адамдарға сенуіңіз өте маңызды болып табылады.
Егер де сізге ешкімнің көмектесуге мүмкіндігі болмаса немесе айналадағы адамдардың назарын аудармау үшін үндемей тұрсаңыз, дереу өз-өзіңізді қорғауға көшіңіз. Мысалы, инемен, үшкір құралдар немесе аяқ- киімнің үшкір өкшкесімен қарсылық көрсетуге болады.
Қысым мен флирт арасындағы айырмашылықтар
Мұндай жағдайлар жас азаматтар арасында орын алатын болса, ересектер оған онша назар аудармайды, өйткені оны қалыпты флирт деп санайды.
Флирт ыңғайсыздық пен қорқыныш сезімін шақырмайды. Әдетте флиртке ұшыраған адамдар өзін жақсы сезінеді. Флирттің қысымнан айырмашылығы, екі адамның келісімімен жүреді және екеуі де ынтамен айналысады.
Сексуалды қысым көрсету және отбасындағы зорлық
Сексуалды қысым көрсету мен зорлық отбасында да орын алуы мүмкін. Бұл өте қиын жағдай, себебі жәбірленуші қысым көрсеткен адамнан толық тәуелді болып келеді және жағдай одан да қиындап кетеді деп ешкімге ауызын ашпайды. Бірақ бұл жағдайдан шығатын жол бар.
Осындай отбасы мүшелері тарапынан қысым көрген азаматтар арнайы құрылған кеңестік орталыққа барып, психологиялық тұрғыда қолдау таба алады. Мұндай орталықтарды табу қиын емес, себебі олар туралы ақпаратты кез келген жерден көруге болады, мысалы олар туралы газеттер, аялдамалар мен қоғамдық көліктердегі, интернет желісіндегі жарнамалар. Ал егер жәбірленуші ауылдық жерде тұратын болса, жақын туыстарына көмекке жүгінуге немесе полицияға өтініш жазуға болады.
Егер осындай қиын жағдайға тап болған адам ешқандай шара қолданбаса, ол өзінің қорғансыздығын көрсетіп, қысым көрсетушіге іс-әрекетін жалғастыруға ары қарай жол беруі мүмкін.
Мына мекен- жайларға хабарласуыңызға болады:
«Подруги» кризисті орталығы: +7 (727) 228 12 96
«Подруги» кризисті орталығының сенім телефондары: +7 (727) 298 45 85 (дүйсенбі-жұма күндері – 10.00-нан 17.00 дейін)
«Забота» кризисті орталығы: +7 727 270 94 97
Ішкі істер департаментінің сенім телефондары: +7 727 254 40 41
Белсенді өзіндік қорғаныс
Сіз осындай қысым жағдайына түссеңіз, бірден әрекетке көшу керек. Қатты айғайлаңыз, қашып шығыңыз немесе жанды бір жерінен ұрып жіберіңіз, көзіне бір нәрсе шашып жіберіңіз. Неғұрлым белсенді қорғансаңыз, соғұрлым қысымнан тез құтыласыз.
Белсенді қарсылық көрсету мүмкін болмаған (қару арқылы қорқытқан жағдайда) жағдайдың өзінде, оның шабынан тіземен тебу арқылы қашып үлгеруге болады.
Сіз іс-әрекеті күмән тудыратын азаматпен жеке қалып қалсаңыз, сақ болғаныңыз жөн. Мұндай жағдайда көп адам жиналған жаққа қарай жылдам шығып кеткеніңіз дұрыс.
Дискотека немесе кештерге барар кезде бірден шешіп алыңыз: кіммен, қашан, қайда баратыныңызды және қалай қайтатыңызды ескергеніңіз жөн. Жеке көлік немесе сіз тоқтатқан таксидің ішінде ер жолаушы адам отырса, оған отырмауға тырысыңыз. Түнде жүрсеңіз қараңғы жерлерді айналып өтіңіз. Лифтке күдік тудыратын адамдармен бірге кірмеңіз. Есіңізде сақтаңыз, зорлық көрсететін адам сыртынан ешқандай күдік тудырмауы да мүмкін. Мұндай мүмкін болатын қауіпті жағдайлар көп.
Егер де сіз сексуалды зорлықтың құрбаны болсаңыз
Ең бастысы — сіздің зорлықтан аман қалғаныңыз және бұрыңғы үйренген қорғаныс тәсілдерін еске түсіру керек. Мұндай жағдайдан ешкім қорғалмаған.
Сіздің іс- әрекетіңіз:
- Сізге бірден көмек табылатын немесе телефон соғатын жаққа қарай қашу керек. Жолда кездескен кез-келген есікті қағудан қысылмаңыз.
- Осы жағдай туралы туысқандарыңызды немесе достарңызды мүмкіндігінше алдын-ала хабардар етіп қойыңыз. Егер сізге орныңыздан қозғалу қиын болса дереу дәрігер шақырыңыз. Ол мүмкін болмаса (мұндай жағдай ауылдық жерде болса), кез- келген кездескен адамнан көмек сұраңыз. Дәрігерге қаралғаннан кейін тиісті дәрілеріңізді, қажетті құжаттарыңызды талап етіңіз.
- Сізге жақын адамдармен ары қарайғы жоспарыңыз туралы ақылдасыңыз. Кейін полицияға өтініш жазу керек.
- Сіз қатты қобалжып, ақылдасатын адамыңыз болмаса, дереу сенім телефондарына қоңырау шалыңыз.
- Сөздің тарап кетуінен қорықпаңыз, өйткені мұндай жағдайда басқа адамдар сізді міндетті түрде қолдайды.
Ешқандай әрекет жасамау – сіз үшін өте қауіпті болуы мүмкін.
Мына мекен- жайларға хабарласуыңызға болады:
«Подруги» кризисті орталығы: +7 (727) 228 12 96
«Подруги» кризисті орталығының сенім телефондары: +7 (727) 298 45 85 (дүйсенбі-жұма күндері – 10.00-нан 17.00 дейін)
«Забота» кризисті орталығы: +7 727 270 94 97
Ішкі істер департаментінің сенім телефондары: +7 727 254 40 41