СОЗДIК

СОЗДIК

АБОРТ – жүктіліктің 28-ші аптаға дейін өздігінен немесе жасанды жолмен үзілуі.

АБСТИНЕНЦИЯ –  жыныстық қатынастан ұстану.

АГРЕССИЯ – адамдардың қоғамда  тіршілік ету тәртіптері мен қағидаларына қайшы келетін деструктивті мінез-құлық, бұл өз кезегінде адамдарға физикалық тұрғыда зиян келтіреді немесе олардың теріс көзқарасын, қорқыныш сезімін тудырады және т.б.

АМЕНОРЕЯ – етеккірдің болмауы немесе аз келуі. Аменорея   физиологиялық болуы мүмкін

(қалыпты) – мысалы, жүктілік және емшекпен емізу кезінде немесе патологиялық.

АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ – дені сау баланың тууына жағдай жасауға, ана мен баладағы ауруларды емдеу және алдын-алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық және медициналық- санитарлық шаралар жүйесі.

АҚТҚ-жұқпасының тігінен берілуі – АҚТҚ-жұқпасының жүкті әйелден нәрестеге берілуі.

АНАЛЫҚ БЕЗДЕРДІ СТИМУЛЯЦИЯЛАУ  – фолликулдар мен жұмыртқа жасушаларын дамыту мақсатында дәрілік заттарды қолдану арқылы аналық бездерді ынталандыру.

АНАЛЫҚ БЕЗДЕР – жұмыртқа жасушасы түзілетін сопақ пішіндес жұп жыныс мүшелері. Аналық бездері эстрогендер мен гестагендерді бөледі.

АНЕМИЯ – қандағы гемоглобин немесе эритроциттер (қызыл қан түйіршіктері) деңгейінің төмендеуімен жүретін ауру.

АНДРОГЕНЫ – ерлер жыныстық гормоны.

АНДРОЛОГ – ерлердің бедеулігін емдейтін маман.

АНОВУЛЯЦИЯ –  овуляцияның болмауы.

АНОНИМДІ  тексерілу – белгілі бір азаматтың жеке тұлғасын жария етпей медициналық тексерілуден өтуі.

АНТИРЕТРОВИРУСТЫ ПРЕПАРАТТАР – АҚТҚ ретровирустарын жоятын немесе олардың көбеюін тежейтін  дәрі-дәрмектер.

АНТИДЕНЕЛЕР –  ағзаға түскен кез-келген антигенге жауап ретінде адамның иммунды жүйесімен түзілетін қорғаныштық ақуыздық молекулалар  Кейбір жағдайларда антиденелер өздерінің жасушаларына қарсы түзіледі, мұндай жағдайларда аутоиммунды аурулар дамиды.

АПАТИЯ – эмоциональді енжарлықпен, салғырттықпен, сезімталдықтың төмендеуімен, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға бейжайлықпен қарауменен, қызығушылықтың төмендеуімен ерекшеленетін жағдай.

АСТЕНИЯ – селқостық, сезімталдық табалдырығының төмендеуімен, көңіл-күйдің тұрақсыздығымен, ұйқының бұзылуымен көрінетін жүйке-психикалық әлсіздік.

АТАЛЫҚ БЕЗДЕР – сперматозоидтар және жыныс гормондары (тестостерон) түзілетін жұп жыныс бездері.

АУТИЗМ – тұлғаның қоршаған ортадан алшақтауы және жеке уайымдарына батуымен жүретін психологиялық шеттетілудің тысқары түрі.

АУТОГЕНДІ ЖАТТЫҒУ – пациенттерді бұлшықеттік релаксацияға, өз-өзіне сендіруге, назарды дамытуға бағытталған психотерапевтік емдеу әдісі.

ӘЙЕЛДЕР ПРЕЗЕРВАТИВІ (female condom) – әдетте полиуретаннан дайындалатын қап. Жыныстық акт кезінде қорғаныс зат ретінде қынаптың ішкі қабырғасын жауып тұрады.

БӨЛІНДІЛЕР – ер немесе әйел адамның уретрасынан, немесе әйел адамның қынабынан бөлінетін шырышты зат. Барлық әйел адамдарда қалыпты жағдайда түссіз, ақшыл түсті, әр-түрлі мөлшерде қынаптық бөліністер болады. Кез-келген өзгерістер, яғни жағымсыз иіс, қышыну, дене қызуының көтерілуі және т.б. жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың белгісі болып табылады.

БІРІНШІЛІК ЖЫНЫСТЫҚ БЕЛГІЛЕР – жыныс мүшелері мен бездері. Ер және әйел адамдарды осы белгілер арқылы ажыратады.

БАС ТАРТУ –  жыныстық қатынастардан толық ұстану.

БОСАНУ – нәрестенің жатыр қуысынан босану жолдары арқылы сыртқы ортаға шығуы, яғни жүктіліктің аяқталуымен өтетін табиғи физиологиялық үрдіс. Босану алдында әдетте толғақ басталады.

БЕДЕУЛІК – әйел адамдардың ретті жыныстық қатынас кезінде контрацептивті заттарды қолданбау жағдайында ұрықтандыруға қабілетінің болмауы.

ВАГИНИЗМ – жыныстық қатынасқа және гинекологтың қарауына кедергі келтіретін қынап және жамбас түбі  бұлшықеттерінің рефлекторлы жиырылуы.

ВАЗЭКТОМИЯ – ер адамдарды стерилизациялау.

ВАКЦИНА – иммунды жүйеге микроорганизмдермен күресуге көмектесетін зат.

ВАКЦИНАЦИЯ – адамдарды аурулардан сақтау мақсатында жасалатын профилактикалықс шара, яғни бұл кезде ағзаға әлсіз, қауіпті емес вирусты енгізу арқылы жүре пайда болған иммунитет қалыптасады.

ВАРИКОЦЕЛЕ – ұрық шылбыры веналарының варикозды кеңеюі.

ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР – жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аурулар. Венерологиялық ауруларға гонорея, мерез және т.б. жыныстық жолмен берілетін аурулар жатады.

ЕНДЕР – ер және әйел адамдардың әлеуметтік және мәдени қағидалары мен қоғамдағы ролдерінің жиынтығы, араларындағы әлеуметтік қатынастар. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда  жыныс деген мағынаны береді (әйел, ер).

ГЕНДЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР – ер және әйелдер арасында биліктің тең емес таралуымен ерекшеленетін қатынас түрі.

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – қоғамның барлық сферасында ер және әйелдер арасындағы теңдікке жетуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-әрекет.

ГЕНДЕРЛІК ТЕПЕ-ТЕҢДІК – әйелдер мен еркектерге қатысты тең қарым-қатынас пен құқықтылық принциптері, яғни барлық адамдар өз мүмкіндіктерін дамыту үшін бостандыққа және таңдау мүмкіндігіне ие. Бұл саясат ер және әйел адамдардың көзқарастарын, қажеттіліктерін тең түрде бағалауды, қолдауды көздейді.

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢҚҰҚЫҚТЫЛЫҚ – заң алдында әйел және ер адамдардың тең құқықтылығы, бұл өз кезегінде гендерлік тепе-теңдікке жетудің бір жолы болып табылады.

ГЕРПЕС – тері және шырышты қабаттарда өзіне тән бөртпелердің, шоғырланған көпіршіктердің  дамуымен жүретін вирусты ауру.

ГЕТЕРОСЕКСУАЛДЫ ОРИЕНТАЦИЯ – қарсы жыныстағы адамдарға сексуалды қызығушылық.

ГИГИЕНА – денсаулықты және дененің тазалығын сақтауға бағытталған шаралар.

ГИПОГОНАДИЗМ – жыныстық гормондар секрециясының төмендеуі себебінен жыныс мүшелері мен екіншілік жыныстық белгілердің дамуының тежелуі.

ГОМОСЕКСУАЛДЫ ОРИЕНТАЦИЯ – өз жынысындағы адамдарға деген сексуалды қызығушылық.

ГОРМОН – ағзаның белгілі бір бөлігінде түзілетін  (эндокринді бездерде) және қан ағысымен басқа мүшелерге тарап, сол арқылы қызметін, құрылымын өзгертетін белсенді химиялық зат.

ДИАГНОСТИКА – белгілі бір аурудың бар немесе жоқ болуын анықтауға бағытталған медициналық қызмет кешені.

ДИСМЕНОРЕЯ – етеккір қызметінің бұзылуы.

ЕТЕККІРАЛДЫ СИНДРОМ (МЕНСТРУАЦИЯАЛДЫ) – етеккір келер алдында немесе келу уақытында дамитын симптомдар: спазмдық ауру сезімі, селқостық, көңіл- күйдің ауыспалылығы.

ЕКІ ЕСЕЛІК «ГОЛЛАНДИЯЛЫҚ» ӘДІС – комбинирленген оральді контрацептивтермен бірге презервативті бір уақытта қолдану арқылы кездейсоқ жүктіліктен сақтану әдісі.

ЕРЛЕР ПРЕЗЕРВАТИВІ (male condom) – әдетте латексті резина немесе басқа да жұқа материалдан дайындалатын қап. Жыныстық акт кезінде эрекция жағдайындағы сыртқы жыныс мүшесіне кигізіледі.

ЖАТЫР ҚОСАЛҚЫЛАРЫ – оған аналық бездер, жатырлық  және аналық бездердің байламдары және жатыр түтіктері жатады.

ЖҰМЫРТҚА ЖАСУШАСЫ (ооцит) – әйел адамдардың жыныс жасушасы.

ЖҚТБ (AIDS) – жүре пайда болған қорғаныш тапшылық белгісі.  ЖҚТБ – АҚТҚ-жұқпасының соңғы кезеңі, яғни бұл кезде адамның иммунды жүйесі терең зақымдалады.

ЖАТЫР МОЙЫНЫ – жатырдың қынапқа шығып тұратын төменгі бөлігі. Жатыр мойынында кішкентай өзекше болады, осы арқылы спрематозоидтар жатыр қуысына өтеді, сыртқа қарай бөліністер де бөлінеді – етеккір немесе босанудан кейінгі бөліністер.

ЖАТЫРДАН ТЫС ЖҮКТІЛІК – жүктіліктің жатырдан тыс,  фаллопий түтіктерінде дамуы. Жиі қауіпті жағдайлар туындайды, яғни ұрық үлкейіп жатыр түтіктерін жарып, ішкі қан кетуге алып келеді.

ЖАТЫРІШІЛІК СПИРАЛЬ (ЖІС) – жатыр ішіне орнатылатын, сол арқылы контрацептивті әсер көрсететін зат.

ЖҮКТІЛІК – әйел ағзасы жатырындағы ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан ұрық дамуымен жүретін физиологиялық үрдіс.

ЖҮКТІЛІККЕ СЫНАМА ЖҮРГІЗУ – қан немесе зәр талдауы арқылы адам ағзасындағы хориондық гонадотропин деңгейін анықтау (ХГТ). Осы гормон деңгейінің жоғары болуы жүктіліктің химиялық дәлелі болып табылады.

ЖҮКТІЛІКТІ ЖОСПАРЛАУ – дүниеге дені сау нәрестені әкелу мақсатында медициналық нұсқауларды есепке ала отырып, қауіпсіз еңбек және өмір жағдайында ерлі-зайыптылардың ұрықтанудың ыңғайлы уақытын анықтауы.

ЖЫНЫСТЫҚ АКТ (лат. Coitus – соитие) тұқымын жалғастыру немесе жыныстық ләззәт алу мақсатында екі индвидтің генитальді қатынасы.

ЖЫНЫСТЫҚ ЖАСУШАЛАР – қосылу кезінде ұрықтануға алып келетін гаметалар, жыныстық немесе репродуктивті жасушалар. Бұл жасушалар ата-анадан ұрпақтарына генетикалық белгілерді береді. Жыныстық жасушалар хромосомалардың бір ғана жиынтығына ие.

ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ СЕКСУАЛДЫҚ ҚЫСЫМ КӨРСЕТУ –  бұған қысым көрсету арқылы физикалық қатынасқа түсу, сексуалдық мәндегі ескертулер жасау, порнографияны көрсету және сексуалдық талаптар қою жатады.

ЖЕЗӨКШЕ (prostitute) – ақша, тауар немесе есірткі зат үшін басқа адаммен жыныстық қатынасқа түсетін азамат. Жезөкшелікпен ер немесе әйел адам, тіпті жынысын өзгерткен азаматтар да (транссексуалдар, трансвеститтер) айналысады. Олар ересек, жасөспірім немесе балалар болуы мүмкін.

ЗИГОТА – әкесі мен анасының генетикалық материалдарының өзара қосылуынан кейінгі жұмыртқа жасушасының ұрықтанған түрі.

ЗОРЛАУ – адамды, оның келісімінсіз сексуалды қатынасқа түсуге зорлықпен мәжбүрлеу.

ИММУНДЫ ЖҮЙЕ – ағзаның әр-түрлі аурулардан қорғану жүйесі. Ол микроорганизмдерді жоятын арнайы қан элементтерінен тұрады.

ИММУНОДЕФИЦИТ – белгілі себептерден адамның иммунды жүйесінің қорғаныс қабілетінің төмендеуі, нәтижесінде оппортунистік (қосалқы) жұқпалы аурулар мен әр-түрлі ісіктік ауруларға сезімталдық жоғарлайды.

ИММУНИЗАЦИЯ – жұқпалы аурулардың арнайы профилактикасы. Белсенді иммунизация (вакцинации) кезінде антидене түзілуін ынталандыру мақсатында адам немесе жануар ағзасына әлсіз, қауіпті емес антиген (ауру қоздырғыышы) енгізіледі. Пассивті иммунизация кезінде ағзаға дайын антиденелер енгізіледі (жасанды жолмен дайындалады немесе басқа бір ағзадан алынады).

ИММУНИТЕТ – ағзаның жұқпалы және жұқпалы емес агенттер мен заттарға: бактериялар, вирустар және басқа да ағзаға жат заттарға сезімталдығы. Туа және жүре пайда болған иммунитет түрлерін ажыратады. Туа пайда болған иммунитет басқа да генетикалық белгілер сияқты тұқым қуалау арқылы беріледі. Жүре пайда болған иммунитет (ол өз кезегінде активті және пассивті болады) ауруды басынан өткізгеннен кейін немесе вакцинациядан кейін дамиды және тұқым қуаламайды.

ИММУНДЫ ЖАУАП – бөгде заттардың енуіне қарсы иммунды жүйенің жауабы.

ИММУНОМОДУЛЯТОРЛАР – иммунды жауаптың модуляторлары – табиғи немесе синтетикалық болып келеді, олар иммунды жауапты белсендендіреді немесе қалыпты жағдайға келтіреді. Мұндай заттарға интерферондар, интерлейкиндер, айырша без (тимус) гормондары мен     моноклональді антиденелер жатады.

ИММУНОСТИМУЛЯЦИЯ – иммуномодуляция, иммунотерапия – зақымдалған иммунды жүйені қалыпқа келтіру немесе күшейтуге бағытталған емдеу әдісі.

ИММУНОСУПРЕССИЯ (иммунодепрессия) – ағзаның иммунды жүйесінің бір немесе бірнеше компоненеттерінің қызметін тежеу, басу. АҚТҚ-жұқпасы дәл осы иммуносупрессияға алып келеді.

ИММУНОФЕРМЕНТТІ АНАЛИЗ (ИФА) – қандағы АҚТҚ-антиденелерін анықтауға мүмкіндік беретін зетханалық зерттеу әдісі.

ИМПЛАНТАТ – ұрықтандыруды болдырмау мақсатында әйел адамның терісінің астына қойылатын гормонтектес зат.

ИМПОТЕНЦИЯ – эрекцияның бұзылуы немесе әйелдің жыныс жолына енгізуге керекті жағдайды ұстап тұра алмау.

ИНТИМДІ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТАР – жеке индивидтер арасында, мысалы ерлі-зайыптылар, ғашықтар немесе сексуалды серіктестер арасындағы жақын немесе романтикалық ара-қатынастар.

ИНФАНТИЛИЗМ ( лат. infantilis – балалық ) – ересек адамда балалық шаққа тән мінез-құлықтың, психикасының сақталуы. Инфантилизм тән адам физикалық дамуы қалыпты немесе жылдам болса да, эмоционалды-ерікті сфера жағынан дамуы артта қалады. Бұл өз кезегінде өзінің шешім қабылдай алмауымен, қорғансыздық сезімімен, өзіне қатысты сынның төмендеуімен көрінеді.

ҚАУІП-ҚАТЕР ФАКТОРЫ – АҚТҚ немесе жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы ауруларды жұқтыруға әкелетін жоғары ықтималдылық жағдайы. Мұндай факторларға: а) бірнеше сексуалды серіктестің болуы; б) жыныс жолдарымен жұғатын аурулардың болуы; в) есірткі заттарды инъекция арқылы қабылдау; г) стерильді емес немесе инфицирленген қанды қолдану жағдайындағы қан құю үрдісі, пирсинг, хирургиялық немесе стоматологиялық шаралар; д) жоғарыдағы аталған қауіпке шалдыққан серіктеспен жыныстық қатынасқа түсу.

ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ (простата) – ер адамдар безі. Простатада, бульбоуретральді бездер және шәует көпіршіктерінде  құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келетін секрет түзіледі, ол шәует шығару кезінде спермамен қосылады.

ҚАУІП-ҚАТЕРЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – нәтижесінде денсаулықтың бұзылуының жоғары ықтималдығы болатын жағдай. (соның ішінде сексуалды және репродуктивті денсаулық). Оның негізгі себебтері – өз-өзіне, (немесе өзінің серіктесіне), өзінің іс-әрекеттеріне немқұрайлы қарауы, кездейсоқ жүктіліктен, жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардан қорғану әдістері жайлы, алкоголь, шылым шегу, есірткі заттардың зиянды жақтары туралы ақпаратты меңгермеуі.

КСЖ – коммерциялық секс жұмысшылары.

ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – адамның өз өміріне деген жауапкершілігін көрсететін мінез-құлығы. Бұған қауіпсіз жыныстық қатынастарды (тек бір ғана тұрақты серіктестің болуы немесе жыныстық қатынастан уақытша бас тартуы, кездейсоқ жүктіліктен немесе жыныстық жолмен таралатын аурулардан сақтану мақсатында тұрақты түрде қорғаныш әдістерін қолдану), есірткі заттардың, алкоголь және шылымның зиянды екенін түсіну және олардан бас тарту және т.б. жатады.

КІШІ ЖАМБАС ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ – әйел адамның кіші жамбас қуысында орналасқан ағзаларының (жатыр, фаллопий түтіктері және аналық бездер) қабынуы немесе жұқпалы аурулары.

ҚАУІПСІЗ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС – жыныстық жолмен жұғатын ауруларды төмендетуге бағытталған жыныстық қатынас. Қауіпсіз жыныстық қатынасқа: презервативті қолдану, жыныстық серіктестердің санын шектеу, бір-біріне деген сенімділікті арттыру, жыныстық қатынастан бас тарту.

ҚОРҚЫНЫШ – индивидтің биологиялық немесе әлеуметтік өмір сүруіне қауіп төнген кезде дамитын эмоция.  Қауіп көзі белгісіз болған жағдайдағы эмоция – дабыл деп аталады.

КЕЗДЕЙСОҚ ЖҮКТІЛІК – нәрестені жоспарламаған кезде дамыған жүктілік.

КЕСАР ТІЛІГІ – физиологиялық босану мүмкін болмаған жағдайда жатыр қуысынан нәрестені хирургиялық жолмен шығару.

КОЛЬПОСКОПИЯ – оптикалық аспап – кольпоскоп арқылы  жатыр мойнының жағдайын бағалау әдісі.

КОНФИДЕНЦИАЛДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ – дәрігерлік құпия мен тексерілетін азамат жайлы ақпараттың анонимділігіне негізделген зерттеу.

КРИЗИСТІ (ДАҒДРЫС) ОРТАЛЫҚТАР – қорқыту, үрей немесе зорлық сияқты  күрделі жағдайларға ұшыраған азаматтарға, әсіресе әйел адамдарға қызмет көрсететін ұйымдар  (консультацилар, уақытша баспана беру, реабилитация).

ҚЫЛМЫСТЫ (ЗАҢСЫЗ) ТҮСІК – жүктілікті медициналық емес ұйымдарда, ешқандай көрсеткішсіз дәрігер емес мамандар арқылы заңсыз жолмен үзу.

КРИПТОРХИЗМ – бір немесе екі аталық бездің іш қуысында қалып қоюы, яғни ұмаға уақытында түспеуі.

КӨПҰРЫҚТЫ ЖҮКТІЛІК – жүктілік кезінде екі немесе бірнеше ұрықтың дамуы.

МӘЖБҮРЛЕУШІ ЕМ – соттың шешімімен науқастың еркінсіз емдеу әдісі.

МАЙЛАУ – сырғуды жеңілдетуге мүмкіндік беретін табиғи немесе жасанды, әр-түрлі консистенциядағы сұйықтық.

МАСТУРБАЦИЯ – ер немес әйел адамдардың гениталиінің оргазмға дейін қозуы, бұның кәдімгі жыныстық қатынастан ерекшелігі, қозуға жету үшін басқа мүшелер қолданылады, мысалы қолы.

МЕЙОЗ – сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушаларының бөліну үрдісі, нәтижесінде хромосомалардың гаплоидты жиынтығы (адамда 23 жұп) бар жыныс жасушалары түзіледі.

МИОМА – жатыр қабырғасынан дамитын, көбінесе бұлшықеттік тіннен тұратын қатерсіз ісік.

НАШАҚОРЛЫҚ (НАРКОМАНИЯ) – есірткі заттарды қолдану нәтижесінде дамитын тәуелділік ауруы.

ОТБАСЫЛЫҚ СЕКСУАЛДЫҚ ЗОРЛЫҚ – отбасындағы басқа мүшелерге, соның ішінде кәмелетке толмағандарға  қатысты жыныстық қолсұқпаушылықты аттап өту әрекеттері.

ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР – отбасылық және туыстық (алыс-жақын туыстар арасындағы) ара- қатынастарды дамыту және қолдау.

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ – жеке адамдар мен ерлі-зайыптыларға белгілі бір репродуктивті нәтижеге қол жеткізуге көмек көрсететін қызмет түрі – кездейсоқ жүктіліктн қорғану, баланы жоспарлау арқылы дүниеге әкелу, жүктілік арасындағы үзілістерді реттеу, отбасындағы бала санын анықтау және т.б.

ОВУЛЯЦИЯ – жұмыртқа жасушасының аналық безден шығып, жатыр қуысына түсу үрдісі.

ОЛИГОЗООСПЕРМИЯ – спермадағы сперматозоидтар санының азаюы.

ОЛИГОМЕНОРЕЯ – етеккір циклы ұзақтығының 40 күнге дейін созылуы. Мұндай әйелдер бедеулікке жиі ұшырайды.

ӨЗ ЕРКІМЕН ЕМДЕЛУ – науқасты өзінің немесе оның заңды өкілінің  келісімі арқылы емдеу.

ПАРЕНТЕРАЛЬДІ ЖОЛ – дәрілік және басқа да сұйық заттарды ағзаға асқазан-ішек жолынан тыс, яғни қантамыр арқылы енгізу.

ПАТОГЕНДІ МИКРООРГАНИЗМДЕР – жұқпалы ауруларды туғызатын микробтар.

ПАЦИЕНТ – медициналық қызметтің тұтынушысы болып табылатын физикалық тұлға.

ПЕДОФИЛИЯ – ересек адамдардың кішкентай балалармен жыныстық қатынасқа түсуге құлық танытуы.  Педофилдер – бұл, сексуалды объектісі балалар болып табылатын ересек адамдар. Олар балалармен қатынас орнатуға ұмтылады, секске қатысты суреттер көрсетеді. Бұл балалармен қатыгездіктің бір түрі және заңға қайшы болып келеді.

ПЕТТИНГ – гениталийге тигізбей, дененің эрогенді аймақтарын аймалау және қоздыру арқылы оргазмге жету.

ПЛАЦЕНТА – жүктілік кезінде жатыр ішінде дамитын, ана мен жатыр қуысындағы нәресте арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды мүше. Плацента арқылы кейбір патогенді микроорганизмдер, сонымен қатар анасының антиденелері өте алады.

ПОЛИП (жатырлық) – жатырдың ішкі қабатынан дамитын ісік тәрізді қатерсіз түзіліс.

ПОЛЛЮЦИЯ (pollution) – эротикалық түс көру немесе фантазиялар кезінде еріктен тыс шәуеттің бөлінуі.

ПОСТКОИТАЛЬДІ КОНТРАЦЕПЦИЯ – қорғаныссыз жыныстық қатынастан кейін кездейсоқ жүкітілікті болдырмау мақсатында қолданатын контрацепция әдісі.

ІШТЕГІ НӘРЕСТЕ  – жүктіліктің 9-шы аптасынан бастап туылғанға дейін жатыр қуысында дамитын адамзат ағзасы. Бұл жатырішілік даму кезеңін – фетальді кезең деп атайды. Жүктіліктің 9 аптасына дейінгі дамитын ағзаны ұрық немесе эмбрион деп атайды.

ҰРЫҚТАНУШЫЛЫҚ – ұрықтандыруға қабілеттілік және жүктілікті сақтай алу.

ҰРЫҚ ҚАБЫ – ұрық дамитын  сұйықтыққа толы қап.

ҰРЫҚТАНУ – жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылуынан кейін жаңа ағзаның түзілуі мен дамуының басталуы.

ҰРЫҚТАНУ – эмбрион түзілу үшін сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының генетикалық материалдарының қосылуы. Қалыпты жағдайда фаллопий түтіктерінде дамиды, бірақ ағзадан тыс жерде де ұрықтана алады (экстракорпоральді ұрықтандыру – ЭКҰ), яғни  дақылдық табақшаларда.

ҰМА – аталық бездер және олардың қосымшалары, ұрық шылбыры орналасатын шат аралығындағы қап тәрізді тері қатпары.

ҮНГІРЛІ ДЕНЕ (ПЕЩЕРИСТОЕ ТЕЛО) – ерлер сыртқы жыныс мүшесінің бір құрылымы. Формасы цилиндр тәрізді,  пенистің ішінде орналасады және қозу кезінде қанға толады.

ПРОФИЛАКТИКА – ауру дамуының немесе аурудың ерте кезеңінде өршуінің алдын-алуға, ауру асқынуларын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес шаралар жиынтығы.

ПРЕЛЮДИЯ – жыныстық акт алдында серіктестердің бір-бірін аймалауы, суюі, бұл өз кезегінде айқын қозуға алып келеді. Ғашықтардың темпераментіне байланысты прелюдия 15 минут және одан да  ұзаққа созылуы мүмкін.

ПРЕЗЕРВАТИВ (condom) – латексті резина, полиуретан немесе басқа да жұқа материалдан жасалынатын қабық немесе барьер. Презерватив  жыныстық акт кезінде бір адамнан екінші адамға    жыныс мүшесі бөліністерінің түсуін алдын алуда, сонымен қатар контрацептивті зат ретінде қолданылады.

ПРОСТАТА – қуықасты безі – уретраны қоршап жататын, эякуляттың 3\1 бөлігін өндіретін ер адамдардың безі.

ПСИХИКА – әлемдегі тірі заттардың өзара қатынастарының жоғары түрі. Адам деңгейінде психика сапалы жаңа деңгейге ие болады, яғни оның биологиялық табиғаты әлеуметтік-мәдени факторлардың әсерінен қалыптасады, нәтижесінде өмір сүрудің ақыл-ес сияқты ішкі жоспары   дамиды, сол арқылы индивид тұлғаға айналады. Ұзақ жылдар бойы психика  «ішкі жан дүниесі» ұғымымен анықталып келді.

ПСИХИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТ – адамның психикалық денсаулығына қоршаған ортаның жағымсыз факторларының немесе басқа азаматтар тарапынан болатын психоэмоциональді, стресті жағдайлардың әсер етуі. Психикалық жарақаттың зақымдаушы күші  әсер ететін жағдайдың адам үшін маңыздылығына, адамның психологиялық қорғану дәрежесіне байланысты.

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ – индивидтің толыққанды психологиялық жағдайының интегральді сипаттамасы. Психикалық денсаулықтың табиғатын түсіну және оның қолдау тетіктері, оның зақымдалуы мен қайта қалпына келуі тұлға туралы ұғым, оның даму механизмдерімен тығыз байланысты. Психология мен медицина саласында психикалық денсаулық мәселесіне тең қадам қарастырылған. Дәстүрлі медициналық модель психикалық денсаулықты ауру дамуының ықтималдық шарасы ретінде қарастырады.

ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (аурулар) – бас миы қызметінің зақымдалуына байланысты адамның психикалық денсалығының бұзылуы.

ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАР – бірреттік қабылдаудан кейін адамның психикалық және физикалық функциясына, мінез-құлқына әсер ететін табиғи немесе синтетикалық заттар. Ұзақ қабылдаған жағдайда психикалық және физикалық тәуелділік шақырады.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК – клиенттің психологиялық мәселелерін шешуге бағытталған психологтың мамандырылған көмегі. Екі формада көрсетіледі: психологиялық кеңес беру (диагностика және коррекция) және «дәрігерлік емес» психотерапия. Психолог экспертті талдау және клиенттің мәселелерін бағалау арқылы нұсқаулар, кеңестер береді және кейбір жағдайларда арнайы тренингті және коррекциялық бағдарламалар тағайындайды.

РЕГЕНЕРАЦИЯ – зақымдалған мүшелер мен тіндердің қайта қалпына келуі.

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ (reproductive health) – репродуктивті жүйе, оның қызметі және онда болып жатқан үрдістерге қатысты толық физикалық және әлеуметтік саулық.

СЕНІМ – бір-біріне деген толық сенімділік. Бұл жерде екі адамның бір-біріне сексуалды сенімділігін сақтау туралы айтылып отыр.

САЛЬПИНГИТ –  жатыр түтіктерінің (фаллопиий түтігі) қабынуы.

ӨЗДІГІНЕН БОЛҒАН ТҮСІК – жүктіліктің алғашқы 28 аптасына дейінгі мерзімде өздігінен үзілуі. Ерте (12 аптаға дейін) және  кеш (13 аптадан 28  апта аралығы) түсіктерді ажыратады.

СЕКСУАЛДЫЛЫҚ – адамның бір сипаттамасы, ол тек эротикалық реакцияларға қабілеттілігіне ғана қатысты емес. Сексуалды мінез-құлыққа жыныстық акттан басқа, флирт, киіну үлгісі, эротикалық әдебиеттерді оқуы, романтикалық кездесулер, ерлі-зайыптылардың ара-қатынастары және т.б. жатады.

СЕКСУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – адамның жыныстық қатынасқа түсуге құлық танытуы және одан ләззәт алу мүмкіндігі.

СЕКСУАЛДЫ ЭКСПЛУАТАЦИЯ – белгілі бір адамға қаталдық көрсету немесе өзінің қажеттілігі үшін сол адамды жезөкшелікке немесе сексуалдылыққа қатысты аморалді, заңға қайшы әрекеттерге тарту.

СЕКСУАЛДЫ ҚАТЫНАСТАР – ерлі-зайыптылар немесе басқа да серіктестер арасындағы сексуалды ерекшеліктегі қатынастар.

СИНДРОМ – пайда болуы мен дамуы бір белгілердің (симптомдар) жиынтығы.

СМЕГМА – жыныстық акт кезінде жыныс мүшесінен шығатын жағынды (спермамен шатастыруға болмайды).

СПЕРМА – эякуляция кезінде бөлінетін, құрамында сперматозоидтар, аталық без, простата және шәует көпіршіктерінің секреті бар сұйықтық.

СПЕРМИЦИД (spermicide) – сперматозоидтарды бейтараптайтын немесе жоятын химиялық зат, көбінесе вагинальді көбікке немесе презервативтің жағындысына қосады.

СПЕРМАТОГЕНЕЗ – аталық бездерінде сперматозоидтардың түзілу үрдісі.  Белсенді сперматогенез тек толық жыныстық жетілу кезінде басталады. Адамда 72 күнге созылады. Сперматогенез үрдісін жылдамдату немесе баяулату мүмкін емес.

СПЕРМАТОЗОИД – ер адамдардың жыныс жасушалары. Сперматозоидтың басы, мойыны және құйрығы болады. Орташа есеппен ер жеткен азаматта күніне  100 млн сперматозоидтар түзіледі.

СПЕРМОГРАММА – сперматозоидтар мен шәует сұйықтығының әр-түрлі параметрлерін зерттейтін күрделі диагностикалық зерттеу әдісі. Сол арқылы сперманың сапасы бағаланады.

СТРЕСС –  стрессорлардың (экстремалды немесе патологиялық тітіркендіргіштер) әсеріне жауап ретінде адамда болатын кернеулі, арнайы емес реактивті жағдай.

ТҰРАҚТЫ СЕРІК – бір-бірімен 12 айдан ұзақ тұрақты жыныстық қатынасты ұстап тұратын сексуалды серіктес.

ТЕСТОСТЕРОН – ер адамның негізгі жыныс гормоны, андроген. Екіншілік жыныстық белгілердің дамуына жауапты, сперматогенезге қажетті гормон.

ШӘУЕТ СҰЙЫҚТЫҒЫ – қуықасты безі мен шәует көпіршіктерінде түзілген сұйықтық. Сперматозоидтармен қосылғаннан кейін сперма түзіледі. Шәует сұйықтығы сперматозоидтардың қозғалуын қамтамасыз етіп, ұрықтандыруға қабілеттілігін сақтайды.

ШЕКАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ – психикалық сау жағдай мен айқын патология шекарасында болатын жүйке-психикалық бұзылыстарды анықтайтын жағдай  (невроздар, психосоматикалық бұзылыстар және т.б.).

ШӘУЕТ КӨПІРШІКТЕРІ – ер адамдардың репродуктивті жүйесіне кіретін маңызды бездер. Онда түзілген секрет сперма құрамына кіреді.

ШАТАРАЛЫҚ – сыртқы жыныс мүшелері мен артқы өтіс аралығында аймақ.

ШӘУЕТТІҢ ШЫҒУЫ (эякуляция) – оргазм кезінде ер адамның пенисінен сперманың шығуы. Бөлінетін сперманың көлемі 2-5 мл.

УРЕТРА – осы түтік арқылы зәр қуықтан, ал сперма шәует көпіршіктерінен сыртқы ортаға шығады.

ФАГОЦИТОЗ – қанның ақ жасушалары – фагоциттермен бөгде денелердің жұтылуы және жойылуы.

ФАЛЛОПИЙ ТҮТІКТЕРІ – жатыр түтіктері – әйел адамның репродуктивті жүйесінің бір бөлігі, жатыр қуысын іш қуысымен байланыстырып тұратын жұп мүше. Фаллопий түтіктері арқылы жұмырқа жасушасы жатыр қуысына бағытталады. Осы түтіктердің өткізгіштігі немесе функциясының бұзылуы бедеулікке алып келеді.

ФРИГИДТІЛІК – жыныстық салқындық, сексуалды анестезия, анафродизия, афанизис, гипосексуалдылық, сексуалдық гипостезия. Жыныстық қызығушылықтың төмендеуі. Жыныстық қатынасқа немқұрайлы, тіпті жиіркенішпен қарауы.

ХОРИОН – ұрықтың шашақты, өскінді қабығы, кейін бұдан плацента дамиды.

ХРОМОСОМАЛАР – жасушалық ядроның жіп тәрізді құрылымы. Ол генетикалық материалдың сақтаушысы ДНҚ мен арнайы ақуыздардан тұрады. Хромосомалар гендердің орналасатын мекені.

ЦЕРВИКАЛЬДІ ӨЗЕК – жатырдың мойындық өзегі.

ЦИСТИТ – зәр қуығының қабынуы.

ЭМБРИОННЫҢ ИМПЛАНТАЦИЯСЫ – эмбрионды жатырдың шырышты қабатына енгізу.

ЭКҰ (экстракорпоральді ұрықтандыру немесе «пробиркада» ұрықтандыру) – ооцитерді анасынан тыс ұрықтандырып, эмбриондарды дақылдандыру, кейін жатыр қуысына енгізу.

ЭКСТРАГЕНИТАЛЬДІ АУРУЛАР – анатомиялық және функциональді жағынан зәр-жыныс жүйесіне жатпайтын мүшелердің аурулары.

ЭНДОМЕТРИЙ –  қандануы өте жақсы дамыған, кезеңдік түрде жаңарып тұратын  жатырдың шырышты қабаты. Эндометрийде эмбрионның имплантациясы жүреді.

ЭПИТЕЛИЙ – жұқа қабатты жасушалар, кейбір ішкі қуыстарды қаптап жатады және қорғаныш, бөлу (олар арқылы кейбір заттар бөлінеді), сіңіру сияқты қызметтер атқарады.

ЭРОГЕНДІ АЙМАҚТАР – тітркену кезінде жыныстық қозу шақыратын дене аймақтары.

ЭРЕКЦИЯ – пенис немесе клитордың қанға толу арқылы қатаюы және кернелуі.

ЭРОЗИЯ – тері немесе шырышты қабаттары эпителиальді қабығының беткей зақымдалуы.

ЭСТРАДИОЛ – әйел адамдардың негізгі жыныс гормоны, эстроген.

ЭСТРОГЕНДЕР – бұл аналық бездерде түзілетін және эндометрийдің өсуін реттейтін жыныс гормондары.