«СЭСжМҒПО» филиалының Тренинг орталығында алғаш рет вирустық инфекциялардың ИФТ және ПТР диагностикасы бойынша курстардың практикалық бөлігі өтті
2024 жылы 8-19 сәуір аралығында «СЭСжМҒПО» филиалының тренинг орталығының базасында «ИФА әдісімен вирустық инфекциялардың зертханалық диагностикасы» және «Вирустық инфекциялардың зертханалық диагностикасындағы ПТР» тақырыптары бойынша зертхана мамандары үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Курс ПТР және ИФТ талдауларының теориялық, преаналитикалық, аналитикалық және постаналитикалық кезеңдерінің барлық аспектілерін қамтитын дәрістерден және практикалық сабақтардан тұрды. Алғаш рет практикалық курс тренинг орталығының зертханасында өтті, қатысушылар бұдан бірегей тәжірибе жинақтады. Курстарды ДДҰ халықаралық сертификаттары бар ВИБРЗ мамандары жүргізді. Курс соңында қатысушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификат берілді.