173 сарапшы химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету регламентін талқылады
2020 жылы 25-27 қарашада «Химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде халықаралық және ұлттық регламенттерді қолдану» тақырыбында халықаралық тренинг онлайн режимде өтті, тренингке Ресей, Беларусь және Қазақстаннан 173 сарапшы қатысты.
Аталған іс-шараны ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен» (БҰҰДБ) және «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы» ҚҚ-мен бірлесіп, Федералдық қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік министрлігінің (BMU) қаржылық қолдауымен ұйымдастырды.
Тренинг Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінде, сондай-ақ Еуропалық Одақпен көршілес орналасқан басқа да елдерде қоршаған ортаны қорғауға арналған консультациялық көмек бағдарламасы аясында өтті.
Тренингтің мақсаты – өнеркәсіп өкілдерін оқыту және 041/2017 «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР ережелері мен екінші деңгейдегі құжаттардың күшіне енуі жөнінде мемлекеттік органдардың хабардар болу деңгейін арттыру.
«Химиялық заттың немесе өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбының өзектілігі даусыз. Елге қауіпті химиялық заттардың әкелінуіне жол бермеу үшін жоғары білікті мамандар, әсіресе токсикологтар қажет. Бұл үшін халық шаруашылығының барлық салаларының қызметкерлері мен мамандарын тұрақты және дәйекті даярлау керек», – деді ҚДСҰО жұқпалы емес аурулар департаментінің бөлім басшысы Насима Жүнісова сөйлеу барысында.
Конференцияда 041/2017 «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР кезеңдері мен талаптары, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындағы қауіпті химиялық заттарды басқару жүйесі қаралды.