Национальный центр общественного здравоохранения

Жастар денсаулық орталықтары қызметтері бойынша ақпарат

Есеп беру кезінде 14 облыс және Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармалары ұсынған деректері бойынша 2019 жылдың 1 жартыжылдығында республикада жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық – психоәлеуметтік қызметтер көрсететін 117 Жастар денсаулық орталығы (бұдан әрі–ЖДО) жұмыс істейді. Бір өңірде – Солтүстік Қазақстан облысында, жастар денсаулық орталықтары жоқ.
1 жартыжылдықта қалалық, аудандық бастапқы медициналық – санитарлық көмек ұйымдарының базасында 111 ЖДО, жоғары оқу орындарында – 1, облыстық, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарында – 5, оның ішінде Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында – «Арасан», Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында – «Жалын», Нұр-Сұлтан қаласында – «Арман қала», Шымкент қаласында – «Әлем», Түркістан қаласында – «Нұр–Әлем» жұмыс істейді.
ЖДО мамандарына жүгінген жасөспірімдер мен жастардың жалпы саны 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 247 318 адамды құрады, ол 2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда, 50,6%-ға көп, 11-14 жас аралығында – 38 486 (мамандарға жүгінгендердің 15,6%-і), 15-18 жас аралығында – 74 607 (30,2%), 19-24 жас аралығында – 52 297 (21,1%), 25 жас және одан жоғары жастағы – 81 928 (33,1%), оның ішінде ер адамдар – 99 786 (40,3%), ол 2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда, 53,3%-ға көп (53 150), әйел адамдар – 147 532 (59,7%), ол 2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда, 48,9%-ға көп (72 071).
ЖДО – ның консультативтік көмекке жүгінген жасөспірімдер мен жастар үлесі 4,7% құрады.

Жастар денсаулық орталықтарының мекен жайлары