Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сденсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 122-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу қағидалары бекітілсін.
2.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жобаларды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді ң эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға оның көшірмелерін жіберуді;

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойған күннен кейін қолданысқа енгізіледі, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады және ресми жариялауға жатады.

Сатып алу ережелері

Қосымша