«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – қор) күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтері тиісті қаржы жылында қорға келіп түскен жарналар мен аударымдар көлемінің 3 %-ы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев