Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 11-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Әдістеме