Скрининг

Әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау мен алдын алудың аса тиімді тәсілдерінің бірі халықты профилактикалық (скринингтік) тексеріп-қарау болып табылады. Скринингті жүргізу емдеудің тиімділігін арттырып, аурудың асқынуының алдын алады.

2008 жылы басталған Ұлттық скринингтік бағдарламаға қанайналымы жүйесі ауруларын, ісікалды жағдайды және сүт безі мен жатыр мойыны обырын ерте анықтау кіреді. 2011 жылы скринингтік тексеру қант диабеті, глаукома, ісікалды ақау және тоқ пен тік ішек обырын (колоректальді обырды) ерте анықтауға тексеріп қараумен кеңейтілді.

2013 жылдан бастап пилоттық тәртіпте еркектер арасында қуықасты бездің ісікалды ауруы мен обырын, өңеш пен асқазан обырын, бауыр обырын (гепатоцеллюлярлық обырды) ерте анықтауға скринингтер енгізілді.

Республикада 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында нысаналы топтағы ересектер мен балаларға 6 709 566 скрининг – тексеріп-қарау жүргізілді.

     2017 жылы тексеруге жоспарланғандардың (6 662 563) ішінен 3 618 842 ересек қаралды.

Есептік кезеңде ҚР бойынша барлығы нысаналы топтағы ересек тұрғындар арасында 123 992 ауру дерегі анықталып,  3,4%-ды құрады.

Анықталған науқастардың ішінен диспансерлік есепке ҚР нысаналы топтағы ересек тұрғындардан 106 608 адам алынды – 86,0%.

ҚР 2017 жылы тексеруге жоспарланғандардың 4 863 796 баланың  3 090 724 (63,6%) тексеріп-қаралды.

ҚР балалар арасында (0-17 жас)  338 481 науқас анықталып, 10,9%-ды құраған.

ҚР балалар арасында анықталғандардың ішінен диспансерлік есепке 100 073 бала алынып, 29,6%-ды құрады.

Ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың (нысаналы топтағы халықты тексеріп-қарауды әдістемелік жетекшілік ету мен талдау бойынша Республикалық жұмыс тобының мүшелерінің) мәліметтері бойынша:

  1. Қанайналымы жүйесі аурулары (ҚАЖА) – нысаналы топтағы ересек тұрғындардан тексерумен 831 885 адам қамтылды – 56,7%; 52 262 науқас анықталды – 6,3%; анықталған науқастардың ішінен «Д» есепке 48 766 адам алынды – 93,3%.
  2. Қант диабеті (ҚД) – тексеріп-қараумен 858 564 адам қамтылды – 58,1%; қант диабетімен ауыратын 4 536 адам анықталды – 0,5%;  анықталғандардың ішінен «Д» есепке 4 414 адам алынды – 97,3%.
  3. Глаукома – нысаналы топтағы ересек тұрғындардан тексерумен 976 321 адам қамтылды – 59,5%; глаукомамен ауыратын 2 314 адам анықталып, 0,2%-ды құрадыанықталғандардың ішінен «Д» есепке 2 106 адам алынды – 91,0%.
  4. Жатыр мойынының ісікалды ауруы мен обыры – 157 735 адам тексерумен қамтылды – 38,4%; жатыр мойынының ісікалды ауруы мен обырының 7 680 дерегі анықталды – 4,9%;  анықталғандардың ішінен «Д» есепке 7 158 адам алынды – 93,2%.  Оның ішінде жатыр мойыны обыры 71 дерек – 0,05%.
  5. Сүт безінің ісікалды ауруы мен обыры –200 602 әйел қаралды – жоспарланған көлемнен 47,1%; сүт безінің ісікалды ауруы мен обырының 54 457 дерегі анықталды – жоспарланған көлемнен 27,1%диспансерлік есепке 42 133 әйел алынды  – 77,4%. Оның ішінде 294 сүт безі обыры дерегі  – 0,1%.
  6. Тоқ және тік ішектің ісікалды ауруы мен обыры –371 529 еркек пен әйел тексерілді – 44,5%;  тоқ және тік ішектің ісікалды ауруы мен обырының 737 дерегі анықталды – 0,2%; анықталған науқастардың ішінен диспансерлік есепке 706 адам алынды  – 95,8%. Оның ішінде  тоқ және тік ішектің обырының 139 дерегі анықталды – 0,04%.
  7. Өңеш пен асқазанның ісікалды ауруы мен обыры –161 567 еркек пен әйел тексерілді – 56,1%; өңеш пен асқазанның ісікалды ауруы мен обырының 1 394 дерегі анықталды – 0,9%;  анықталған науқастардың ішінен диспансерлік есепке 1 325 адам алынды 95,1%. Оның ішінде өңеш обырының 35 дерегі тіркелді  0,02% және 63 асқазан обырының дерегі – 0.04%.
  8. Қуықасты безі обыры – 60 639 еркек тексерілді – 51,3%, қуықасты безінің ақауымен 612 науқас анықталды  – 1,0%. Оның ішінде  73 дерек қуықасты обыры – 0,1%.
  9. Бауыр обыры – 1 029  пациент анықталды – 104,8%;  гепатоцеллюлярлық обырдың 7 дерегі тіркелді  – 0,7%.