Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДҰ-ның еліміздегі Елдік кеңсесімен бірігіп әзірлеген «Қазақстан оқушыларының өмір салты факторлары, олардың физикалық денсаулығы мен әл-ауқаты» есебінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Есепке сәйкес, ел аумағындағы 11-15 жас аралығындағы балалардың COVID-19 пандемиясы кезінде бастан кешкен тәжірибеге назар аудара отырып, олардың денсаулығына қатысты мінез-құлық факторларын Ұлттық зерттеу қорытындылары шығарылды.
Мектеп оқушыларының 18%-ы мектепте қорқытуға ұшырады. Жасөспірімдердің 13%-ы кем дегенде бір рет киберқудалаумен бетпе-бет келген. 2022 жылы мектеп аз балаларға ұнады, қыздарға ата-анасымен қарым-қатынас жасау қиынға соқты. Жарақат алған ұлдардың да, қыздардың да саны күрт өсті, – делінген есепте.
Балалардың пікірінше, COVID-19 пандемиясымен күрес шаралары, мысалы, локдаундар, мектептердің жабылуы, онлайн оқытуға көшу, әлеуметтік қашықтық жалпы өмірге, физикалық белсенділікке және мектептегі үлгерімге теріс әсер етті.
Дегенмен балалардың өмірінің әртүрлі аспектілері туралы пікірін бақылау балалардың көпшілігінің өз өміріне риза екенін және психикалық жағдайы жақсы екенін көрсетті.
Жасөспірімдердің өміршеңдігіне үлес қосатын оң аспект – бұл отбасының, мектептің, достардың психикалық, физикалық денсаулығын нығайтуға ықпал ететін қолдау сезімі, жасөспірімдер өсіп, үйренетін, сол арқылы болашақ денсаулығын нығайтатын әлеуметтік және физикалық ортаны жақсартуды жалғастыру қажет, – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова.
Дереккөз: https://baq.kz/dsm-esebi-mektep-oqushylarynyn-18-y-mektepte-bullingke-ushyragan-298369/