Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар (МККБИ) – пациенттің не медициналық ұйым қызметкерінің медициналық көмегі нәтижесінде пайда болған кез келген клиникалық айқын жұқпалы ауру.
Кез-келген жұқпалы аурулар сияқты, МККБИ-де бірлі-жарым және аурудың тарауы да кездеседі. Соңғысы (МККБИ өршуі) – бір инкубациялық кезеңмен және қоздырғышпен қосарланған жұқпалы аурудың бірнеше оқиғасы.
Медициналық ұйымдарда (МҰ) МККБИ-дің пайда болуына ықпал ететін көптеген факторлар бар.
Алайда, олардың санын азайту үшін әрбір МҰ-да МККБИ-дің алдын алу стратегиясы болуы және инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ) бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуі тиіс.
Алдын алу стратегиялары МККБИ-дің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтуы тиіс. Бұл ретте барлық жауапты тұлғаларды және олардың құзыретін бөле отырып, инфекциялық бақылау жөніндегі комиссияның қызметін көрсету қажет.
Анықтама: Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы (ҚДСҰО) ИАИБ-тің 8 негізгі компонентін ұстануға, ИАИБ бойынша жедел рәсімдер стандарттарына, оның ішінде стандартты сақтық шараларына ие болуға кеңес береді.
ИАИБ мәселелері бойынша барлық жарияланымдар мен өзекті ақпаратты ҚДСҰО сайтындағы ИАИБ айдарынан оқи аласыздар (https://hls.kz/%d0%bf%d0%b8%d0%b8%d0%ba).
Қуаныш Әлімбетов – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы емес аурулар департаментінің бас маманы