Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлер «қастандық» туралы кеңінен тараған ақпаратқа қатысты пікірлерін білдірді. Әлеуметтік желілерде балаларды екпе салу үшін мектепке қайтарды деген ақпарат тарады.
«Әлеуметтік желілерде осындай ақпарат тарады, халық арасында әртүрлі сөздерге иланып, сеніп қалған ата-аналар хабарласуда. Комбинирленген, бір құтыда, бір шприцте болатын КВИ мен тұмауға қарсы вакцина әлі ойлап табылған жоқ, өндірілген жоқ. Ондай болса, бұл медицина, жалпы ғылым саласындағы сенсация болатын еді. Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар арасында вакцинация ата-ананың рұқсатымен ғана жүргізіледі, ата-аналарға қажетті мәлімет ұсынылады, олардың қолхат беруі арқылы жасалады. Мектепте қандай да болмасын вакцина жасалса, ата-аналар жиналысы өткізіледі, қазіргі кезде вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ. Егер мемлекетте балаларға арналған КВИ қарсы вакцина болса, егу ата-аналардың рұқсатымен жүргізіледі», – деді м.ғ.к., ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева өз жауабында.
Оның айтуынша, шындыққа жанаспайтын ақпараттың халық арасында таралуы иммундау мен вакцинация жұмысына орасан зор зиянын тигізеді.
Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1631105884