Бүгін ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының қызметкерлеріне ДДСҰ-ның COVID-19 (COVID-19-ESFT-essential supplies forecasting tool)-мен жұмыс істеу үшін негізгі материалдар қорын болжауға арналған құралының құрылымын ұсынды. Осы болжамдау моделінде медицина қызметкерлері мен төсек саны, диагностика жүргізудегі елдің мүмкіндіктері сияқты түрлі бағыттар бойынша медициналық жүйелердің мүмкіндіктерін бағалайтын модульдер бар.
Құралды жергілікті әріптестеріне көрсете отырып, ДДСҰ-ның КЗ-дағы елдік кеңсесінің кеңесшісі Максим Любарский уақытша және материалдық ресурстарды оңтайландыру тұрғысынан COVID-19-ға жауап беру кезінде оның сөзсіз артықшылықтарын атап өтті.
Болжамдау моделін таныстыру барысында оны пилоттау, сондай-ақ құралды республикалық және өңірлік деңгейлерде енгізу бойынша одан әрі қадамдар белгіленді.