НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инфекциялық стационарларға түскен 596 қазақстандықтың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Стационарға жатқызылған науқастардың көбеюі өзекті мәселе болып отыр. Соның ішінде ауыр жағдай түрімен сипатталатын 596 науқастың бар екенін айтамыз. Оның арасында 493 науқас өте ауыр жағдайда жатса, 103 науқас аса ауыр жағдайда. Өкпені жасанды желдеткішпен 83 науқас қамтамасыз етілген», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сондай-ақ, маман соңғы бір аптада ауруханаға ауыр жағдайда түсетін науқастардың артқанын атады.
«Статистикалық мәліметтерді талдайтын болсақ, соңғы 7 күннің ішінде жұқпалы аурулар стационарларында төсектермен қамтамасыз ету 25 пайыздан 29 пайызға, реанимациялық төсектердің қажеттілігі 20 пайыздан 24 пайызға артқанын айту керек», – деді Айнагүл Қуатбаева.
Аталған шарада Айнагүл Қуатбаева коронавируспен ауырғандарға вакцина салуға болатын мерзім екі есе, яғни 6 айдан 3 айға дейін қысқартылғанын айтқан болатын.