Бекшиннің айтуынша, қызметкерлері толықтай вакцина салдырған болса кеңселер бұрынғыдай жұмыс істей алады.
“Мекемелердің, кеңселердің жұмысына қатысты сұрақ өте жиі қойылады. Егер Ashyq жүйесіне қосылмаған болса, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан, 20 пайызы кеңседен жұмыс істей алады. Қызметкерлері толық вакцина салдырған болса пайыздық үлес ескерілмейді, тек вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істеуге жіберіледі”, – деді Бекшин.
Айта кетейік, бұған дейін Бекшин Алматыда үнді штамының қанша дерегі тіркелгенін айтқан болатын. Бекшиннің айтуынша, штамдарды анықтайтын зерттеулер тәулік бойы жасалып жатыр.