Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі N17 қаулысына сәйкес “Sputnik V” вакциналау кестесіне өзгерістер енгізілді. Бұл жағдайда осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу аралығы 45 күн болуы керек. Егер 45-ші күні екінші компонентті вакциналау мүмкін болмаса (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге кету және т.б.) 90 күн ішінде вакциналауға рұқсат етіледі”, – деп хабарлады ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК баспасөз қызметінде.
Вакцинология принциптері көп дозалы алғашқы вакциналау сериясындағы дозалар арасындағы алты апталық аралықты қолдайды. Сонымен қатар, негізгі және қосымша доза арасындағы ұзақ алшақтық В-жасушасының жадысының жетілуіне мүмкіндік береді, нәтижесінде жоғары және тұрақты реакция пайда болады. Бір реттік дозадан кейін басқа көп дозалы вакциналарды қолдану тәжірибесі жасөспірімдер мен ересектерде алты айға немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін көрсетеді (мысалы, А гепатиті және адамның папиллома вирусына қарсы вакциналары). Коронавирустық инфекцияларға қарсы вакциналар бойынша ғылыми зерттеулер жалғасуда. Тиімділік бойынша дәлелді базасы алынған жағдайда, қосымша ұсыныстар ұсынылатын болады”, – деп хабарлайды баспасөз қызметінде.
Әлемде коронавирустық инфекцияларға қарсы жаппай вакциналау жүргізгеннен бастап, бұл тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде коронавирустық инфекцияларға қарсы басқа вакциналарға қатысты қолданылды. Қазір Ұлыбританияның алынған ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып қазір вакциналарға арналған екпе егу жоспарын өзгертті (Pfizer BioNTech / Оксфорд университетімен және AstraZeneca-мен бірлесіп). Егер бұрын вакцинаның екінші дозасын біріншісінен 21 күн өткен соң салу жоспарланған болса, қазір аралық мерзімі үш айға дейін созылды. Францияда мРНҚ екпесі арасындағы (BioNTech / Pfizer және Moderna компаниясы) 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап 4 аптаның орнына 6 аптаға дейін ұлғайтылды. Ресми деректерге сәйкес Ирландияның денсаулық сақтау министрі жақын күндері Covid-19 вакцинасының бірінші және екінші дозалары арасындағы аралықты төрт аптадан 12 аптаға дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Коронавирустық инфекцияларға қарсы вакциналауды осы жылдың 25 ақпанында бастаған Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі онда. CoviShield вакцинасымен екі екпесінің аралығын Ұлттық техникалық сарапшылар топтарының ұсыныстары бойынша 28 күннен 90 күнге дейін арттырды, бұл сонымен қатар 4-12 аптадан кейін екінші дозаны енгізуді көздейтін өндірушінің нұсқауларына қайшы келмейді”, – делінген хабарламада.