Вакцинация, бұл – иммунизация. Оның арқасында біз табиғи шешек сияқты ауруды жоюға қол жеткіздік. Вакцинацияның арқасында қазір дәрігерлердің жас буыны дифтерия және сіреспе сияқты аурулармен кездеспейді. Біз қызылша, қызамық, «Б» гепатитімен сырқаттанушылықтың төмендегенін көріп отырмыз. Мысалы, егер 2005 жылы, яғни осыдан 15 жыл бұрын бізде қызамықтың 15 мыңға жуық жағдайы тіркелсе, бүгінде бізде жаңа туған нәрестелер арасында осындай инфекцияның жекелеген жағдайлары тіркелуде. Міне, бүгін біз коронавирустық вакцинацияның да тиімділігі туралы дәлелдердің шынайылығына көз жеткіземіз деп үміттенемін. Бұл сырқаттанушылықты және соның салдарынан өлімді азайтуға септеседі. Бұл бізге әдеттегі өмір салтына – карантиндік шектеусіз өмірге оралуға мүмкіндік береді. Вакцина бізге еркіндік береді, денсаулық береді. Вакцина – бұл адам ағзасына антиденелер шығаратын арнайы дәрі-дәрмектер. Бұл антиденелер тірі вируспен кездескенде күресуге қабілетті, осылайша олар аурудың алдын алады. Вакцина – аурудың алдын алудың ең сенімді, тиімді шарасы, яғни вакцина емдемейді, бірақ қорғайды.
Манар Смағұл, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалы ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» директорының орынбаcары
Дереккөз: https://qazaq1913.com/2021/02/02/manar-sma-l-vakcina-aurudy-aldyn-aludy-tiimdi-sharasy/