Кеше Қазақстанда коронавирустық жұқпаға қарсы егу жұмыстары басталды. Бұл шараның негізгі мақсаты – коронавирустық жұқпаның эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру. Оның барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес атқарылып жатыр. Ол үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінуде. Республикалық және жергілікті облыстық, қалалық бюджеттен шприцтер сатып алынып жатыр. Бұрынғы полиомиелитке қарсы вакцинадан басқасының барлығы +2, +8 температурада сақталынатын еді. Жолда тасымалдауда да сондай температуралық тізбекті қажет ететін-ді. Коронавирустық вакцинаның қай түрі болмасын минустық төмен температураны қажет етеді. Соған байланысты арнайы мұздатқыштар сатып алынды (температура минус 180С). Мұздатқыштан алынған соң егу бөлмесіне дейін тасымалдау үшін арнайы тасымалдайтын контейнерлер және мұздатқыш элементтерінен өзге ішіндегі сұйықтығы бөлек арнайы мұздатқыш элементтері де сатып алынды. Мұның барлығы да жергілікті әкімдіктер, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан қадағалауға алынды.
Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалы «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» директоры