Вакцина кімдерге салынады?

– Коронавирусқа қарсы бі­рінші болып кім вакцина алуы керек?

– КВИ-ге қарсы вакциналау халықтың әртүрлі топтары­ның эпи­­демиялық маңыз­дылығын ес­кере отырып, кезең-кезеңмен жүр­гізіледі.

Басымдық бойынша эпиде­мия­лық маңызы бар 8 топ айқын­дал­ды: 1) медицина қызметкерлері; 2) педагогтер; 3) учаскелік поли­­цейлер; 4) студенттер; 5) меди­ци­­налық-әлеуметтік және жа­бық балалар мекемелерінің пер­­со­налы мен контингенті; 6) Тө­тен­ше жағдайлар министрлігі, Қор­ғаныс министрлігі, Ұлттық қауіп­сіздік комитеті, Ішкі істер ми­­нис­трлігі, Мемлекеттік күзет қыз­­метінің қызметкерлері; 7) Пре­зи­дент Іс басқармасы Медици­на­лық орталығының контингенті, мем­лекеттік қызметкерлер, Қазақ­стан азаматтары; 8) созылмалы аурулары (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қан тамыры жүйесі) бар адамдар.

КВИ-ге қарсы вакцина ал­дын алу мақсатында салы­на­ды. Вакциналаудан өтудің не­гіз­гі екі себебі – өзіңізді және айна­ла­ңыз­дағы адамдарды қорғау. Вак­циналау адамның денсаулығы жақсы кезде ғана жүргізіледі, ауру­дың белгілері болған уақытта екпе салдыруға болмайды.

– КВИ-ге қарсы екпені ба­лаға салуға бола ма?

– КВИ-ге қарсы вакциналау 18 жастан асқан адамдарға жүр­гізіледі, қазіргі уақытта балаларға вакцина салынбайды.

– Коронавирусқа қарсы ек­пені кімге салдыруға болмайды?

– Құрамында ұқсас компо­ненттері бар вакцинаның қан­дай да бір компонентіне аса жоға­ры сезімталдық өмірінде ауыр аллер­гиялық реакциялармен кездескен жағдайда; жүктілік және бала емізу кезеңі; 18 жасқа де­йін және 60 жастан жоғары (тиім­ділік және қауіпсіздік туралы де­рек­тердің болмауына байланыс­ты) адамдарға салынбайды. II ком­понентті салу кезінде вакци­на­ның I компонентін салған кез­де вакцинадан кейінгі ауыр асқы­ну­лар (анафилактикалық шок, ауыр генерализацияланған ал­лер­­гия­лық реакциялар, құрысу син­дро­мы, 40°С температура және т.б.) болғанда салдыруға бол­­майды.

– Екпе алдында медициналық тексеру жүргізіле ме?

– Иә, вакциналау жүргізер ал­дында температураны өлшеп, дәрігер міндетті түрде қарап тек­середі.

– Коронавирусқа қарсы екпе жасағанға дейін және кейін өзін-өзі оқшаулау керек пе?

– Жоқ, күнделікті өмір сү­ру салтын ұстануға болады. Бі­рақ жалпы сақтық шаралары (әлеу­меттік қашықтықты сақтап, қо­ғамдық орындарда бетперде тағу) туралы ұмытуға болмайды. Вак­циналаудан кейін де осы талаптарды сақтаған жөн. Мен екпе салдырдым екен деп жайбарақат жүрмеу керек.

– Вакцина салдырғысы келе­тіндер қайда барып тіркеледі?

– Тұрғылықты жердегі емха­наға бару қажет. Халықты вакциналау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде, арнайы контингентті вакциналау тиісті ведомствоның қызмет орнында жүргізіледі.

– Халыққа жаппай вакцина салу қашан басталады?

– Елімізде КВИ-ге қарсы вакциналау 2021 жылы 1 ақпаннан бас­талады.

– Екпеден бас тартуға бола ма?

– КВИ-ге қарсы вакциналау әр адамның қалауы бойынша іс­ке асырылады, оған ешкімді мәжбүр­лемейді.

– Коронавируспен ауыр­ған­дарға екпе қажет пе?

– Иә, КВИ-мен ауырған адам­дарға вакциналау жүргізіледі. КВИ симптомсыз немесе жеңіл тү­ріне шалдыққан адамдарға сауық­қаннан кейін 2-4 аптадан соң, орташа ауыр және ауыр түрлерімен ауырғандарға сауыққаннан кейін 6 айдан соң вакциналау ұсы­нылады.

– Вакцинаны салдырудың екі кезеңі бар. Соның екеуінен де өту міндетті ме?

– КВИ-ге қарсы қолданыла­тын вакцина бүгінде 2 кезеңде салынады. Бұл – КВИ-ге қарсы вакциналаудан кейін иммунитетті қалыптастырудың міндетті шарты. Демек, екінші кезеңінен де өткен жөн. Екінші вакциналау алғашқы вакциналаудан 21 күннен кейін жүргізіледі.

– Вакцинация алдында антиденелерге тестілеу жүргізіле ме?

– Вакциналау алдында КВИ-ге қарсы антиденелердің болуына тестілеу (скрининг) жасалмайды.

Әңгімелескен

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Дереккөз: https://egemen.kz/article/262510-vaktsina-kimderge-salynady