Қазақстанда балалардың дұрыс тамақтануын қадағалайтын кітап әзірленді – Қазақстан табиғаты,туризм,Қазақтың салт-дәстүрлері,тарих,спорт

Қазақстанда балалардың дұрыс тамақтануы бойынша ата-аналарға арналған оқулық әзірленді. Оған алты айдан үш жасқа дейінгі нәрестелерді тамақтандыру бойынша мамандардың кеңестері кірді. Жобаны іске асыруға ЮНИСЕФ және Қазақстанның әйелдері күштері альянсының қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары қатысты.

Оқулықты әзірлеуші мамандардың айтуынша, кітаптағы барлық ақпарат әзірге қазақ және орыс тілдерінде электрондық форматта ұсынылған. Басылым алдағы айларда баспа түрінде шығады. Содан кейін оны медициналық ұйымдарға, білім беру мекемелеріне және жергілікті атқарушы органдарға тарату жоспарланып отыр.

Сарапшылардың сөзінше, жобаның басты мақсаттарының бірі – жас, тәжірибесіз ата-аналарды балаларын ерте жастан бастап дұрыс тамақтандыруына үйрету.

НАТАЛЬЯ ЮШИЦИНА, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Орталық Азия мен Кавказ аймақтарында мұндай кітап жоқ. Бұл кітаптың жобасы әзірге тек Қазақстанда ғана бар. Кітапта тамақты дұрыс пісіруге бағытталған арнайы рецепттер, сондай-ақ, тағам қандай құрамда дайындалуы керек, неден, қандай тағамнан, оларды қалай өңдеу керек, балаға қандай көлемде беру керек екені туралы ақпарат бар. Осылайша, баланың 6 айдан бастап тамақтануы және оның қолдан тамақтануға көшуі жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 2 жастан бастап баланы ана сүтін қоспай тамақтандыру ұсынылады.

Дереккөз: https://qazaqtv.com/kk/news/society/1454-kazakstanda-balalardyn-durys-tamaktanuyn-kadagalajtyn-kitap-azirlendi