Қазақстанда темекіні тастағысы келетін жандарға тегін көмек беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстанда темекіні пайдалану бойынша зерттеу нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр Ажар Ғиният халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2019 жылы елімізде өткізілген ересектер арасында темекі тұтынуды жаһандық зерттеудің (GATS) нәтижелері, сондай-ақ одан әрі әріптестіктің перспективалық бағыттары талқыланды.

«Қазақстан әлемдік қауымдастықтың темекі шегуді азайту және зерттеу бойынша бастамаларын қолдайды және атсалысады. Елімізде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның басты міндеті – денсаулық сақтау қызметін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, темекі шегу сияқты зиянды әдеттердің алдын алу», – деп атап өтті А.Ғиният.

Бірінші ұлттық GATS зерттеуі 2014 жылы Қазақстанда халықаралық талаптарға сәйкес жүргізілді. Зерттеу барысында электронды мәліметтер жинау жүйесі қолданылды.

Сауалнама бүкіл елді, ең шалғай аудандарды да қамтыды. Зерттеулерді Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы статистика органдарымен бірлесіп жүргізді.

Нәтижесінде темекіні тұтыну бойынша сенімді әрі салыстырмалы деректер алынды. Дәл осы мәліметтер соңғы төрт жылда халықтың денсаулығын жақсарту және елді темекі түтінінен қорғау бойынша мемлекеттік саясат пен ұлттық бағдарламаларды құруға негіз болды.

2019 жылы жүргізілген GATS зерттеуін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қадағалауымен Статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы жүзеге асырды.

Техникалық көмекті АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы, ДДСҰ және RTI International ұсынды.

Зерттеу барысында 15 және одан үлкен жастағы азаматтар арасында ұлттық іріктеу жүргізіліп, сауалнамаға 11 501 шаруашылықтың өкілдері қатысты, жалпы жауап беру деңгейі – 95,5%.

Темекінің негізгі индикаторларына қатысты ақпарат: темекіні пайдалану, электронды никотинді жеткізу құралдарын пайдалану, темекіні тастау, темекі түтініне әсер ету, темекіні пайдалану экономика, ақпарат құралдары және білім тұрғысынан көзқарастар мен түсініктерді зерделеуге бағытталған.

Нәтижесінде қазіргі темекі тұтынудың жалпы таралуы 2014 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген. Айталық, темекі тұтыну деңгейі ерлер арасында 43,4%-дан 38,3%-ға дейін төмендеген, бірақ әйелдер арасында 4,5%-дан 6,4%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар, Қазақстан қабылдаған жабық қоғамдық орындарда темекі шегуге ішінара тыйым салу жөніндегі шаралар жабық қоғамдық орындарда және үйде темекі пайдалануға бейімділіктің 13,8%-дан 9,1%-ға дейін, жұмыс орнында-19,1%-дан 11,4%-ға дейін, қоғамдық көлікте-18,1%-дан 9,0%-ға дейін айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен.

«Қазақстандағы GATS-2019 нәтижелері көңіл қуантады, бірақ одан да көп нәтижелелерге қол жеткізуге болатынын көрсетіп отыр», – деп атап өтті ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі, доктор Каролин Кларинваль.

Айта кету керек, GATS деректерінің екінші деңгейінің нәтижелері Қазақстан халқын темекінің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған мемлекеттік саясат пен ұлттық бағдарламаларды одан әрі әзірлеуге және бағалауға ықпал ететін болады.

Соңғы бірнеше жылда ҚР-да темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу тәжірибеге енгізілді, ауруханаларды, жұмыс орындарын, мектептерді, қоғамдық көліктерді қоса алғанда, қоғамдық объектілер темекі түтінінен 100% таза.

Темекі өнімдеріне салық акциздерінің ставкалары дәлелді себеппен өсті және бүгінде бөлшек сауда бағасының 40%-ын құрайды. Темекіні тастағысы келетін адамдарға МСАК деңгейінде тегін қызмет көрсетіледі.

ҚР жаңа «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі темекі шегуге, 100% түтінсіз, жаңа инновациялық темекі өнімдерін темекі бұйымдарына теңестіре отырып реттеуге тыйым салынған қоғамдық орындар тізбесі кеңейтілді.

Темекі өнімдерін сатуға тыйым салынған жиырма бір жасқа дейінгі адамдардың жас шектеуі ұлғайтылды.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап темекі өнімдерін сатуды болдырмау және темекі шегушілер мен шылым шегуден бас тартушылар арасында темекі өнімдерін импульсивті сатып алуды, темекі өнімдерін сауда желілерінде ашық орналастыруға және көрсетуге тыйым салу күшіне енеді.

Сонымен қатар, А.Ғиният қолданыстағы нормалар мен талаптардың сақталуын тұрақты бақылауды талап ету керек деп есептейді. Түтінсіз орта құру жұмысы одан әрі жалғасады.

«Біз темекіге қарсы күрестің негізгі көрсеткіштерін бақылау үшін тиімді әріптестік пен ересектер арасында темекі тұтынуды жүйелі түрде бақылау нәтижелерінің қажеттігін мойындаймыз. Осыған байланысты, 2019 жылғы GATS нәтижелері Қазақстанға деректерді қоғамдық денсаулықты нығайту және халықты темекі түтінінен қорғау жөніндегі саясат пен бағдарламаларды жетілдіру жөніндегі іс-шараларға көмектеседі»,-деп мәлімдеді вице-министр.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-temekini-tastagysy-keletin-zhandarga-tegin-komek-beriledi_a3729376