Қазақстан мен көршілес елдердегі балалардың тамақтану әдеті

Қазақстанда COSI зерттеуді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы әр 3 жыл сайын жүргізеді.
Зерттеу мақсаты – барлық балалар үшін салауатты орта құру, дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастыру.
2015-2017 жылдары балалар семіздігін эпидемиологиялық қадағалау бойынша ДДСҰ Еуропалық бастамасы (COSI) аясында 6-9 жас аралығындағы балалардың тамақтану әдеті туралы деректер алынды. Сауалнамаға 23 елден сол балалардың ата-аналары қатысты.
Мысалы, сауалнама алынған барлық адамдар арасында күн сайын таңғы ас ішетін балалардың пайызы қазақстандық балаларда ең төмен болды – 48,9%, ал Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркіменстанда, Ресей Федерациясында (Мәскеу қ.) бұл көрсеткіш шамамен 70% және одан жоғары.
Сонымен қатар, сауалнама нәтижесі Орталық Азия елдерінде, басқа өңірлермен салыстырғанда, балалардың күнделікті жеміс-жидекті аз жейтіндігін көрсетті, Түркіменстанда балалардың 70,1% -ы күн сайын жеміс жейді, ал Қазақстанда әрбір үшінші бала ғана күн сайын жеміс-жидек жейді (33,3%).
Сондай-ақ, еліміздегі әрбір оныншы бала күн сайын құрамында қанты бар сусындарды (10,9%) ішетіндігі анықталды. Бұл көрсеткіш күн сайын балалардың 14,8% – дан 32,8% – ға дейін тәтті сусын ішетін көрші елдерге қарағанда төмен.
Мақала ғылыми Nutrients журналында жарияланды https://www.mdpi.com/2072-6643/12/8/2481/htm#
Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылында COSI гигиена, санитария, сумен жабдықтау бойынша WASH компонентін қосып, балалар арасында тамақтануға, гигиеналық әдеттер мен талаптарға коронавирус індетінің әсер етуін және өзгерістерді анықтау үшін қайта жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері 2021 жылдың басында ҚДСҰО сайтында Жарияланымдар бөлімінде қолжетімді болады.