– Көпшілік қатаң карантин аяқталысымен, сауда-ойын-сауық орталықтарына, дүкендерге, сұлулық салондарына ағылады. Алайда карантин режимін ешуақытта естен шығаруға болмайды. Әлеуметтік қашықтық, кемінде 1,5-2 метр, қолды кемінде 20 секунд жиі жуу, санитайзермен өңдеу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маска киюді естен шығармағанымыз жөн, – деді Жазира Ембердиева
Бұған қоса маман күзгі-қысқы эпидмаусымға дайын болу керектігін айтты.
– Иммунитетті нығайтып, салауатты өмір салтын ұстанып, витаминдер қабылдау қажет. Келе жатқан күзгі – қысқы эпидемиологиялық маусымға байланысты, COVID-19 асқындыруы мүмкін жедел респираторлық аурулар мен тұмауды ескере отырып, қазан айында маусымдық тұмауға қарсы егуден өткен жөн. Бұл жөнінде тұрғылықты жердегі емханалардан толық кеңес алуға болады, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева.