Бруцеллез – бұл полиорганды патологиялармен және хронизациялау қабілеттілігімен сипатталатын зоонозды инфекция. Бруцеллездың маңызды патогенетикалық құрамдаушысы аллергиялық реактивтілік болып табылады. Бруцеллёздың қоздырушылары Brucella тұқымдасындағы бактерияларға жатады, олардың арасында жеке сегіз түрінің тіршілік ету тіркелген, ның ішінде алты: B.melitensis, В.abortus, B.suis, B.canis, B.pinnipediae, B.cetaceae түрлері адамдардың арасында ауру тудыруға қабілетті.
Бруцеллалардың жиі кездесетін түрлерінң арасында B.melitensis ең вирулентті болып табылады және аурудың ауыр және жіті түрлерін тудырады. B.suis түрі іріңді деструктивті зақымданулармен бірге аурудың созылуына әкеледі. B.abortus пен B.canis, әдетте, асқынулары сирек болатын жеңіл немесе ораша түрдегі спорадиялық аурулар тудырады.
Инфекция негізінен нәжіс-ауыз арқылы, жиі жағдайда тағам және су арқылы беріледі, кейбір жағдайларда тұрмыстық-қарым-қатынастық жол (қоздырғыш терідегі кішкентай жарақаттар және сілемейлі қабықшалар арқылы енген кезде) және аэрогенді жол арқылы (инфекция бар шаң-тозаңды жұту кезінде) берілуі мүмкін.
Ауру жануарлардан алынатын сүт және сүт өнімдері (брынза, қымыз, ірімшіктер), ет, жануардың шикізатынан (жүннен, теріден) жасалатын өнімдер эпидемиологиялық жағынан қауіпті. Жануарлар нәжістерімен топырақты, суды, жемді ластайды, бұл да адамның тағамдық емес жол арқылы жұқтырылуына әкелуі мүмкін. Тұрмыстық-қарым-қатынастық және ауалық-тозаңдық жолдар жануарларды күтіп-қарау және жануардың шикізатынан (жүні, терісі) жасалатын өнімдерді өңдеген кезде орын алады.
Адамдар арасындағы бруцеллез симптомдары
Бруцеллездың инкубациялық кезеңі 7 күннен бастап 8 аптаға дейін, жиі жағдайда 2 аптаға дейін созылады. Адамдар арасындағы ауру симптомдары әдетте, біртіндеп пайда болады және ерекше сипаттарға ие болмайды.
Алайда, науқастардан мынандай 4 шағымды жиі естуге болады:
1. Буынның ұстамалы ауыруы, әсіресе аяқтың өте қатты ауыруы.
2. Дене температурасының ұзақ субфебрилитет түрінде (38 °C-қа дейін) немесе күрт жоғарылап және күрт төмендеп, толқынды түрде көтерілуі.
3. Қатты терлеу, кей кезде түнде терлеу.
4. Астения ның күрт пайда болуы және шаршау.
Кейбір науқастарда ұзақ субфебрилитет байқалады. Қызба айлар бойы созылады, науқастар жоғары температура кезінде де естерін сақтайды, бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Бруцеллез жүйке, жыныс және тірек-қимыл аппаратын жиі зақымдайды.
Сонымен қатар, артриттер (жамбас буыны, сегізкөз-мықын және басқа ірі буындар артриттері), периартериттер, бурситтер, тендо-вагиниттер, спондилиттер, невралгиялар, невриттер (құйымшақ жүйкесінің невриті), сирек жағдайда менингиттер, энцефалиттер және т. б. байқалады. Ер адамдарда орхиттер, эпидидимиттер пайда болады, ал әйел адамдарда дисменорреялар, оофориттер, сальпингиттер байқалады, тіпті түсік тастау орын алады.
Халыққа берілетін ұсынымдар:
– мал шаруашылығы өнімдерін арнайы сату орындарынан (базарлардан, дүкендерден, мини-маркеттерден және т.б.) сатып алу;
– жеке адамдардан термиялық өңдеусіз сатып алынған шикі сүтті және сүтқышқыл өнімдерін пайдаланбау;
– ет дайындаған кезде оны кішкентай кесектерге турау керек, толық термиялық өңдеуден өткізген дұрыс.
Жұмысы бруцеллезды жұқтыру қауіп-қатерімен байланысты адамдар қосымша берілетін ұсынымдар:
– профилактикалық медициналық тексеруден өту;
– жеке қорғаныш құралдарын (халат пен комбинезон, резеңке немесе тері етік, резеңке немесе брезент қолғаптар, бас киім немесе орамал, жеңқап, клеенкалы алжапқыштар) қолдану.
Көрсетілген ұсынымдарды сақтау бруцеллёзды жұқтыруды болдырмайды!