Көзді жарықтан қорғаңыз. Ультракүлгін сәуле көздің торқабықшасын бұзады. Жазда күннен қорғайтын көзілдірікті қолданыңыз.
Құрамында «А» витамині бар тағамды көбірек тұтыныңыз. Ол сәбізде, балықта және қызыл етте бар. Сондай-ақ, «А» витамині құрманың, жүгерінің, шпинаттың, асқабақтың, бұршақ тәрізділердің, бидайдың қатты сұрыптарынан пісірілген нанның құрамында да кездеседі.
Егер конъюнктивит пайда болса, көзге арналған тамшыларды қолданыңыз. Алдымен маманға қаралыңыз, нақты диагнозды офтальмолог қояды.
Егер жұмыс үстеліңізге жарық толық түспесе, үстел шамын пайдаланыңыз. Күннің астында кітап оқуға болмайтынын да есіңізде ұстаңыз, жарық сәуле ақ қағазға түсіп қатты шағылысып, көзіңізге кері әсер етеді.
Күніне 2-5 минут көзді жеңіл әрі жылдам ашып-жұмыңыз. Бұл жаттығу көздің қанайналымын жақсартады. Әсіресе таңертең және кешкілік уақытта көзді шынықтырған әлдеқайда пайдалы (линзасыз және көзілдіріксіз жасаған дұрыс).
Компьютермен жиі жұмыс жасайтын болсаңыз, әрбір 40 минут сайын бірер минут үзіліс жасағаныңыз дұрыс. Бұл көз жанарының жақсы жұмыс істеуін ұзартып қана қоймай, организмдегі басқа да процестерге оң әсер етеді.
📌Есіңізде болсын: көзіңізді неғұрлым қамқорлықпен күте білсеңіз, ол да соғұрлым сізге ұзақ та, жақсы қызмет ететін болады.