Күн біртіндеп салқындап, адамға суық тию қаупі артып келеді. Оның алдын алу үшін денсаулықты нығайтып, иммунитетті күшейту қажет.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшысы Әсем Күмісбаева ұсынған қарапайым кеңестерге назар аударыңыз:
✅Иммунитетті күшейтіп, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ұйқыны қандырып, ақуызға, дәрумендерге және минералдарға бай тағамдарды тұтыну режимін сақтаңыз.
✅Көкөніс пен жеміс-жидекті күнделікті тұтынған жөн. Физикалық белсенділікті сақтаңыз, жаттығулар жасап, таза ауада жиі серуендеңіз, спортпен шұғылданыңыз!
✅Қолыңызды үнемі сабынмен жуыңыз.
✅Жөтелген немесе түшкірген адамдардан кем дегенде бір метр қашық жүріңіз. Маска киіңіз!
✅Мүмкіндігінше қолыңызды, мұрынды және ауызды ұстамаңыз.
✅Жөтелу немесе түшкіру кезінде аузыңызды немесе мұрныңызды шынтақпен немесе майлықпен жабыңыз. Пайдаланылған майлықты дереу тастау керек.
✅Өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде қалыңыз. Температураңыз көтеріліп, жөтел пайда болып, тыныс алу қиындаса бірден медициналық көмекке жүгініңіз.
✅Мүмкіндігінше алыс сапарларды шектеп, бұқаралық іс-шаралардан аулақ болыңыз.