Күйзелісті жеңудің дұрыс немесе бұрыс әдістері болмайтыны және оны әр адам әртүрлі әдістермен жеңетіні есіңізде болсын. Қазіргі жағдайда қорқыныштан арылып, өз жан тыныштығыңызды сақтаудың бірнеше әдістері бар. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары мынандай кеңестер береді:
Жақсы ойлауға тырысыңыз
Жағымды ойларға және естеліктерге басты назар аударған маңызды.
Көңіліңізді басқа нәрселерге аударыңыз
Сізге жағымсыз ойлар маза бермейді ме? Оларға жол бермеңіз. Ойларыңызды басқа нәрселерге аударыңыз.
Өзіңізді ненің қуанта алатынын байқаңыз.
Теріс эмоциялардан арылыңыз
Жағымсыз эмоциялар күйзелісті күшейтіп, депрессияға әкелуі мүмкін. Сондықтан, оларды сыртқа шығарыңыз.
Егер сізді немесе отбасыңыздың мүшелерін БАҚ арқылы берілетін репортаждар қатты үрейлендіретін болса, оларды көруге немесе тыңдауға аз уақыт бөліңіз.
Ақпарат алуға тырысыңыз.
Қауіп-қатерлерді жақсырақ анықтауға және дұрыс сақтық шараларын қабылдауға көмектесетін ақпарат алыңыз. Расталған және сенімді ақпарат көздерін пайдаланыңыз.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
Өз эмоцияларыңызды басу үшін темекі шекпеңіз және ішімдік ішпеңіз. Егер олардан арыла алмасаңыз, медициналық немесе психологиялық көмекке жүгініңіз. Қай жерге және қалай көмекке жүгінетініңіз туралы жоспарды алдын ала дайындаңыз.
Көбірек күліңіз
Күлу – бұл күйзелістің таптырмас профилактикасы.
Босаңсуға тырысыңыз
Мұндай әдістің пайдасы зор. Барлық дәрігерлер мен психологтар күйзелістің алдын алу үшін күн сайын 10-30 минут ішінде аутогенді жаттығулар жасауға кеңес береді.
Ванна қабылдаңыз
Бұл босаңсу үшін керемет әдіс болып табылады. Ванна қабылдау үшін әсіресе, эфирлі майларды қолданған өте пайдалы.
Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз
Жақсы көретін хобби – бұл күйзелістің жақсы профилактикасы. Сондықтан, өзіңізден «не істегенді жақсы көремін деп» сұраңыз. Мүмкін, сіз өлең жазғанды, кулинарлық өнер туындыларын дайындағанды немесе психологияны оқып-үйренгенді ұнататын шығарсыз.