ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшысы Әсем Күмісбаева жазғы демалыстардан кейін баланың үйреншікті күн режиміне қалай қайта ұстану керек екені туралы былай дейді:
✅Мектеп жасындағы баланың шамамен 8 сағат ұйықтағаны дұрыс. Өте аз ұйықтағанған да, өте көп ұйықтаған зиянды екенін есіңізде сақтаңыз.
✅Психикаға кез келген салмақтың түсуі денсаулыққа әсер етеді. Бұл балалар үшін өте маңызды. Балаңызды не нәрсеге толғанатынын сұрап, оның проблемаларының себебін байыппен анықтауға тырысыңыз.
✅Таза ауада жиі серуендеңіз, өйткені серуендеу бала үшін өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Үйде, мектепте және сабақтардан тыс үйірмелерде көп болу баланың таза ауада болуына мүмкіндік бермейді.Ұйықтардың алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз.
✅Мектеп жасындағы бала үшін күніне 2-2,5 литр таза су қажет. Судың таза, газдалмаған болуы тиіс және оған қант қосылмағаны дұрыс. Таңертең, таңғы ас ішердің алдында және кешке ұйықтардың алдында бір стақан су ішкен өте маңызды.
✅Дұрыс тамақтану. Балаңыңызға жаңадан піскен жеміс пен көкөністі көп беріңіз, ет өнімдерін қуырғаннан гөрі, буда пісіріңіз.