Жүгіруді бастау ешкімге ерте де емес, кеш те емес. Бұл – денсаулық сақтау, артық салмақ тастау және таза ауада көп уақыт өткізу үшін таптырмайтын әдіс.
Марат Жыланбаев – әлемнің жеті дүркін рекордсмені, барлық шөлейттерден жүгіріп өткен ғаламшардағы жалғыз адам. Атақты спортсмен жаңадан бастаушыға қалай жүгіру керектігі туралы өмірлік маңызы бар кеңестермен бөлісті.
✅Жүгіру денені ширатудан басталады. Өткені бұл организмді, жүрек-қантамыр жүйесін үлкен стресске ұшыратады. Денені ширату 15-20 минуттан кем болмауы тиіс.
✅Алғашқы айда бұлшықет пен буындарыңызды үйде дайындап алуыңыз қажет. Бұл қолға, белге, тізеге және өкшеге арналған түрлі жаттығулар.
✅Өкшеңізді шынықтырыңыз, үйде жалаңаяқ жүріңіз және көшеде жаяу (тез адымдап) жүріңіз. Үнемі арақашықтықты арттырып тұрыңыз.
Дайындалмаған организм үшін күн сайынғы шынықтырулар үлкен стресс болып табылатындықтан, жаңадан бастаушы демалудың да жаттығу сияқты маңызы болатынын есінде ұстағаны жөн.
✅Аптасына 3-4 рет жүгіру организмге қалыпқа келу үшін уақыт береді және шамадан тыс жаттығудан гөрі әлдеқайда жоғары нәтижеге жеткізеді.
Өзіңізге ыңғайлы жүгіру жылдамдығын таңдағаныңыз маңызды – ол жаңадан бастаушылар үшін 6-8 км/сағ. болуы тиіс. 120-130 айналасындағы пульспен жүгіруге тырысыңыз, бұдан төмен пульспен жүгіру әсер бермейді.
Ұзақ жүгіргеннен кейін негізінен созудан, сермеу жаттығуларынан тұратын үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Созу сіңірдің, буындардың қозғалғыштығын арттырады және тірек-қимыл аппараты жүктемесін қосымша арттыратын қор құрады.
✅Жүгіруден кейін душ қабылдаған абзал. Жылы душ ширыққан бұлшықетті босаңдатуға, теріні сергітуге және тонусқа келтіруге көмектеседі. Барлық температуралардың пайдасы бірдей еместігін ұмытпаңыз, мысалы, жүгіруден келе салып салқын душ қабылдау зиян тигізуі мүмкін.