ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
«Қазіргі уақытта елімізде 27 541 COVID-19 жағдайы тіркеліп отыр. Оның симптомсыз түрі – 9 809, симптомды түрі – 17 732. Соңғы тәулікте 1 470 ауру тіркелді. Оның 507-сі – симптомды, қалған 964-і – симптомсыз. Бүгінге дейін 126 науқас қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны – 10 962, яғни ауырғандардың 62 пайызы. Еліміздің барлық стационарлық карантинінде 168 адам, үй карантинінде 11 563 адам жатыр», – дейді Жұмабек Бекенов.
Бұған қоса ол өз сөзінде инфекцияны жұқтырып ауруханада жатқан науқастар санын мәлім етті.
«Қазір COVID-19 инфекциясымен ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны – 8 052. Ал аталмыш инфекцияны жұқтырып, амбулториялық бақылауда тұрғандар 8 472-ні құрайды», – дейді орталық директоры.