НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакцинацияны міндеттеу – азаматтарды денсаулығы үшін жауапкершілігін ынталандыруға бағытталған шараның бірі. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің аса қауіпті инфекцияларды талдау мен мониторингілеу және зертханаларды дамыту бөлімінің басшысы Әсем Күмісбаева осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша соңғы жүз жылда адамзат инфекцияның таралуына қарсы қалай күресу керектігі жөнінде көп нәрсені білді және бірқатар жұқпалы ауруды бақылауда ұстауды үйренді. Ал олардың кейбірін мүлдем жойды.
«Адамның инфекциялық аурулармен күресі тоқтаусыз жүріп жатыр. Бұл жерде көп нәрсе көптеген елдердің, ұйымдардың және қарапайым адамдардың күшінің үйлестірілілуіне байланысты.
Вакцинация – өмірге қауіп төндіретін инфекциялық аурулармен күресудің немесе оларды жоюдың құралы. Мәліметтерге сүйенсек, иммундау жыл сайын 2 миллионнан 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді», – дейді Әсем Күмісбаева .
Оның айтуынша, бұл – тіпті халықтың ең осал тобына иммундау қолжетімділігін қамтамасыз ететін стратегия растаған денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар тұрғысынан ең тиімді түрі.
«Неліктен вакцинация міндетті болуы тиіс? Өйткені халықты вакцинациямен барынша жоғары – 95% және одан да көп деңгейде қамту кезінде тиімді вакцинациялауға қол жеткізуге болады! Жыл сайын иммундау дүние жүзінде 3 миллион адамның өмірін аман алып қалады, сондай-ақ тағы да миллионнан астам адамды аурудан және өмір бойы мүгедек болудан құтқарады (ДДСҰ-ның деректері). Балаларды жоспарлы иммундау енгізілгенге дейін инфекциялық аурулар әлемде балалар өлімінің басты себептерінің бірі болған еді. Тіпті, қазіргі кезде де бұл аурулар вакцинопрофилактика әдістерімен бақыланатын барлық инфекциялардың ішінде өлімге әкелетін және ең жиі кезедесетін қызылша, b типті Haemophilus influenzae (Hib), көкжөтел және жаңа туған баланың сіреспесі сияқты инфекциялардан болатын қайғы-қасіреттің және өлімнің себебі болып отыр», – дейді Әсем Күмісбаева.
Жыл сайын 10,6 млн бала бес жасқа жетпей қайтыс болады; олардың 1,4 миллионы вакцинацияның көмегімен алдын алуға болатын аурудан көз жұмады. Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 3- 4 млн адам емделетін инфекциядан қайтыс болады.
«Иммундаумен деңгейін арттыру барысында белгілі бір инфекциялық ауруға қарсы вакцина енгізу сол ауруу жұғатындар санын едәуір азайтады. Керісінше, екпе деңгейін төмендету кезінде ауру қайта күшейеді. Егер иммундауға баса назар аударылмаса, онда полиомиелит, қызылша немесе дифтерия сияқты өте жұқпалы аурулар қайтадан пайда болуы және дүние жүзіне, біздің елімізге де таралуы мүмкін», – дейді сарапшы.
Әсем Күмісбаева ата-аналарға баласына екпе жасау қажет екенін айтады.
«Вакцина салынғанда, сіз туберкулез менингиті сияқты қорқынышты аурулардың және көптеген басқа да аурудан сақтанасыз. Халықтың шамамен 95 пайызы вакцинациялаудан өткен кезде ұжымдық иммунитет қалыптасады деп есептеледі, вакцинациялаудан өтпеген адамдар өздерінің және басқа адамдардың сол ауруға шалдығу мүмкіндігін арттырады.
Сіреспе сияқты инфекциядан ұжымдық иммунитет есебінен қорғану мүмкін емес, өйткені бұл жұқпалы ауру емес. Егер сіздің балаңыз сіреспеге қарсы екпе алмаған болса, онда басқа балалардың екпе алғаны не алмағаны маңызды емес – балаңыз бәрібір аурудан қорғалмаған болып саналады», дейді Әсем Күмісбаева.
Оның айтуынша, ұжымдық иммунитет концепциясы ата-аналарға профилактикалық екпеден бас тартуына себепші болуы мүмкін.
«Мұндай көзқарас кез келген ұжымдық иммунитеттің әсерін төмендетіп қана қоймайды және вакцина алмаған кез келген бала аталған жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырады. Ең соңында, екпе алмаған бір адам ауруға шалдықса, кейіннен одан айналасындағы вакцинациядан өтпеген адамдар ауру жұқтырады. Вакцинацияның міндетті екендігін ұмытпаңыз, өйткені сіз өз денсаулығыңыз үшін жауаптысыз! Вакцинацияның сәтті өтуі әр адамның дайын болуына, жалпы салауаттылықты қамтамасыз етуге байланысты. Вакцина ала отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қорғайтыныңызды есте сақтаңыз!», – деді Әсем Күмісбаева.