Әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім буллинг құрбаны немесе қатысушысы болады

11-15 жастағы әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім ай сайын буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Оған қатысу ұлдар арасында көбірек таралған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні буллинг бүкіл әлем мектептерінде таралған құбылыстардың бірі.

Буллинг (ағылш. bully-қорқыту) физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, қорқытып алушылық, қорлау дегенді білдіреді. Теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін, мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.

2018 жылы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының (ҚДСҰО) «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» «Health behaviour in school-aged children» (HBSC) зерттеу тобы ғалымдары, жасөспірімдер арасындағы денсаулық пен әл-ауқат көрсеткіштерін зерттеу үшін қазақстандық оқушылар арасында сауалнама жүргізді.

Айта кету керек, мұндай көрсеткіштерді зерттеу тобы әр 4 жыл сайын жинайды және зерттейді.

Мектеп оқушыларына сауалнама жүргізу барысында, соңғы екі айда олардың буллингке/кибербуллингке қаншалықты жиі қатысқанын, не болмаса өздері оның құрбандарына айналғаны жайлы сұрақтар қойылды.

ҚДСҰО зерттеу тобы ғалымдарының айтуынша, буллинг құрбандарының да, қатысушыларының да ілеспе және болашақта психикалық денсаулыққа байланысты проблемалары бар.

Белгілі болғандай, 11-15 жастағы жасөспірімдердің 17% — ы мектепте айына бір, немесе бірнеше рет буллинг құрбаны болған.

Ауылдықтармен салыстырғанда қала оқушылары буллингтің құрбандары жиі болады.

Ұлдар мен қыздар арасында буллингтің таралуы 15 жасқа жақындағанда азаяды.

Мектепте басқа адамдардың буллингіне айына бір, немесе бірнеше рет 11-15 жастағы жасөспірімдердің 20% қатысты. Осы мінез-құлықтың таралуы 11 және 13 жастағы ер балалар арасында ең жоғары.

Сонымен қатар, жаңа технологияларды дамытумен және әлеуметтік желілерді танымал етумен буллингтің жаңа түрі – кибербуллинг пайда болды.

Кибербуллинг мысалдары: қорлау хабарламаларын жіберу (мәтін немесе интернет арқылы), әлеуметтік желілерде елемеушілік пікірлерді жариялау, кемсіту фотосуреттерін орналастыру, сондай-ақ электрондық нысанда біреуді қорқыту.

Кибербуллинг депрессия, үрей, өзін-өзі төмен бағалау, эмоционалдық бұзылулар, психобелсенді заттарды қолдану және суицидтік мінез-құлық сияқты психикалық денсаулықпен ауыр проблемаларды дамытуға ықпал ете отырып, жасөспірімдердің денсаулығына теріс әсер етеді.

11-15 жастағы жасөспірімдердің 12% — ы кем дегенде бір рет немесе одан да көп кибербуллингке ұшырағаны белгілі болды.

Кем дегенде бір рет басқа адамдарды кибербуллинг құрбаны етуге жасөспірімдердің 11% — ы қатысқан. Айта кетерлік, мұндай мінез-құлық ұлдар арасында кең таралған.

Ғалымдардың пікірінше, буллингті мектеп деңгейінде төмендету шаралары буллингтің алдын алу бойынша бағдарламаларды енгізуді, ата-аналарды тартуды, тәртіптік әдістерді қолдануды, мектептегі әлеуметтік ахуалды жақсартуды, балаларды қадағалауды қамтиды.

Ұлттық деңгейде кешенді стратегиялар мен алдын алу бағдарламалары, жоғары ақпараттандыру, сондай-ақ буллинг пен кибербуллинг құрбандарына қолдау көрсету қызметін дамыту маңызды.

ҚДСҰО зерттеу тобы ғалымдарының пікірнше, зорлық-зомбылықтың алдын алу және денсаулық сақтау қызметтерінің өзара іс-қимылын жақсарту және зорлық-зомбылыққа қатысты қолданыстағы заңдарды бағалау буллингпен кибербуллингке қарсы күрестің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Дереккөзі