Тұмаумен ауырып қалмау үшін не істеу керек? – маман кеңесі

Тұмаудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау; бас, бұлшық ет, тамақтың ауруы; жөтелу және әлсіздік

Тұмау жыл сайын көптеген елдерде эпидемиялық таралуға жататын жаһандық инфекция болып табылады. ДДСҰ тұмау жөніндегі сарапшыларының мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын эпидемия кезінде халықтың 5 – 15% ауырады.

Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегідей тұмау және ЖРВИ денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі. Инфекциялық аурулардың құрылымында тіркелген инфекциялық аурулардың 90 пайызға жуығы осы инфекцияларға келеді.

Тұмаудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау; бас, бұлшық ет, тамақтың ауруы; жөтелу және әлсіздік

Тұмаудың белгілері тез шұғыл өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Науқастардың көпшілігі тез қалпына келеді, сондай-ақ тұмау өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін. Тұмау бұрыннан денсаулықта бар жүрек немесе өкпе ауруларын асқындыруы мүмкін.

Тұмау мерзімі басталғанға дейінгі жыл сайынғы вакцинация – ең тиімді әдіс:

аурудың ауыр түрлерін, ауруханаға түсуді, өлім-жітімді төмендетеді;

тұмауды жұқтыруды төмендетеді;

тұмаудың отбасында, достарының және басқа да адамдардың арасында таралмауына көмектеседі.

Вакцинация қауіпсіз. Вакцинациядан кейін кейбір адамдарда екпе жасаған жерде қызару және ауырсыну, бас ауыруы және бұлшық ет ауыруы, азғана дене қызуы, әлсіздік және жүрек айнуы сияқты жанама әсерлері болуы мүмкін. Бұл әсерлер тез жойылады.

Алдын алу:

науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;

науқас адаммен байланыста болғанда бетперде кию;

инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе антибактериалдық құралдармен жуу;

жөтелгенде және түшкіргенде мұрынды және ауызды бір реттік орамалды пайдаланып жабу;

көп адам жиналған жерлерде болмауға тырысу;

бөлмені жиі желдетіп отыру.

Егер Сіз ауырып қалған жағдайда, онда:

басқа адамдарға жұқтырмау және қауіпті асқынуларды болдырмау мақсатында үйде болыңыз;

төсектен тұрмаңыз;

өзіңізді мүмкіндік болғанша отбасының басқа мүшелерінен оқшаулаңыз;

аурудың алғашқы белгілерінде дәрігерді шақыртыңыз;

бір реттік орамалдарды пайдаланыңыз;

дәрумендерге бай сұйықтықтар ішіңіз.

ДДСҰ ұсынады:

Егер Сіз 65 жастан ассаңыз, тұмауға қарсы вакцинация жасаңыз, өйткені жас үлкейген сайын иммундық жүйе әлсірейді

Тұмауға қарсы мерзімдік вакцинация – жүктілік кезінде ана мен бала үшін жақсы таңдау. Вакцинациялау жүктіліктің барлық кезеңінде қауіпсіз.

Егер Сізде созылмалы ауруларыңыз бар болса, вакцинация жасатыңыз.

ДДСҰ күз мезгілінде барлық медицина қызметкерлерінің тұмауға қарсы егілуін ұсынады.

Дереккөзі