СБО белгілері – бұл омырауда түйіннің пайда болуы немесе омырау пішінінің өзгеруі, омыраудан патологиялық жағындылардың бөлінуі.
Сүт безі обыры – бұл сүт безі тіндерінде пайда болатын қатерлі (обырлы) жасушалар. Ол агрессивті өсіммен және жылдам метастаздалатын қабілетімен ерекшеленеді.
Сүт безі обыры (СБО) республикамызда әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында 1 орын алады. 30 жастан асқан әйелдердің 92%-ы сүт безінің түрлі ауруларынан зардап шегеді, олар асқынған жағдайда сүт безі обырына ұласып кетуі мүмкін.
СБО белгілері – бұл омырауда түйіннің пайда болуы немесе омырау пішінінің өзгеруі, омыраудан патологиялық жағындылардың бөлінуі.
Сүт безі обырын дамытатын қауіп факторлары:
Анамнезде қатерсіз сүт безі ісігінің болуы.
Отбасылық анамнезде алғашқы буын туыстарында сүт безі обырының болуы (анасы, қызы немесе әпкесі).
Етеккірдің ерте (10 жасынан) немесе кеш (16 жасынан) басталуы.
Кеш жүктілік немесе жүктілік/босанудың болмауы.
Ішімдікті пайдалану.
Шылым шегу, әсіресе жастайынан.
Семіздік, қант диабеті.
Жыныс органдарының қабынбалы аурулары, аналық без ісігі.
Психикалық және эмоционалдық жүктемелер, күйзеліс болып табылады.
Сүт безі обырын анықтау әдістері: қарап тексеру және анамнез жинау, рентгендік маммография, ультрадыбыстық зерттеу жүргізу.
Сүт безі обырының алдын алу:
дәрігерде тұрақты тексерілу, скринингтен өту;
маммография (40 жастан асқан әйелдерге);
ультрадыбыстық зерттеу жүргізу (40 жасқа дейінгі әйелдерге);
ай сайын өздігінен тексеруден өту.
Сүт безі обырын ерте сатысында анықтаса, оны емдеуге болады. Одан толық сауығу ықтималдығы 94%-ды құрайды.