Түрлі ауруларға әкеп соқтыратын микроорганизмдерден қорғайтын иммундық жүйе туралы, оны қалай көтеру керектігін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы айтып берді.
Адамның иммундық жүйесі неше түрлі ауру тудыратын микроорганзимдерден қорғай отырып, үлкен жұмыс атқарады. Бірақ, кейде ол іске аса бермейді: микроб ағзаға түсіп, барлық дене бойынша ауруды таратады. Түрлі аурулардан қорғану үшін иммунитетті қалай көтеруге болады?
Дұрыс тамақтану
Таңғы асқа күндізгі ас үлесінің 25 %-ы, түскі асқа — 45 %-ы, ал кешкі асқа — 20 %-ы келуі тиіс. Жеміс-жидектер мен жаңғақтар жеңіз. Асты бір уақытта ішуге өзіңізді дағдыласаңыз ,зат алмасу процесі автоматты түрде жақсы жұмыс істейтін болады. Кешкі асты ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ішуге тырысыңыз.
Ұйқы
Бір уақытта ұйықтауға жатып, бір уақытта ояну қажет.Ал бұл режим бұзылса биологиялық сағат – биортим де шатасады. Ұйықтаудың орташа уақыты 7-8 сағат, ұйқыңызға көңіл бөліңіз.
Дене белсенділігі
Дене белсенділігі иммундық жүйеге бактериялық және вирустық инфекцияларды жеңуге көмектеседі, жүрек ауруларының, остеопороз бен обырдың даму қаупін төмендетеді. Дене белсенділігі кезінде ағзадағы барлық процесстер, оның ішінде имундық жүйенің жұмысы жақсарады, сол үшін спортпен жиі шұғылданыңыз
Темекі мен ішімдіктен бас тарту
Ішімдік денсаулықты әлсіретіп, мөлшері мен тұтыну жиілігіне қарамастан адамның иммунитетін төмендетеді. Бұл зиянды әдеттің салдарынан көбіне өкпе лимфоциттері зардап шегеді. Ал шылым шегетін адамға инфекциялық аурулар қауіп төніп өкпе обырына әкелуі мүмкін, сондықтан темекі мен ішімдіктен аулақ болыңыз.
Су ішу
Адам ағзасындағы иммундық жүйенің жұмысында су үлкен рөл атқарады. Су ағзаны сауықтыруға, иммунитетті көтеруге, терінің сыртқы келбетін жақсартуға көмектеседі, асқазан-ішек жолдарының жұмысын ретке келтіріп, жүрек ұстамаларының жиілігін төмендетеді, инфаркт пен инсульттің алдын алады және артық салмақпен күресуге көмектеседі.
Жаяу серуендеу
Жаяу жүру жүрек және қантамырларды нығайтуға, қандағы холестерин деңгейін төмендетуге, тыныс алу органдары мен ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға, иммунитетті көтеруге, бұлшықеттерді жаттықтыруға көмектеседі. Күніне 30-40 минут жаяу серуендеңіз.
Стресстен қорғану
Күйзеліс әсерінен иммунитет қатты зардап шегуі мүмкін. Айналаңыздағы адамдардың сізге деген қарым-қатынасы өзгеруі үшін, көңіл-күйіңізді жақсартып, стресстен аулақ болыңыз.