Мақалаларға койылатын талаптар
«Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурулардың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері» журналына мақалалар беру
ТАЛАПТАРЫ
- Басылымға қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі мақалалар қабылданады.
- Журналда қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, басқару, медициналық көмекті ұйымдастыру, профилактика, халық денсаулығын сақтау мен нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жарияланады.
- Мақала жариялау ақылы. 3 беттен аспайтын мақаланың құны – 4 мың теңге, келесі әр бет – 800 теңгеден.
- Мақаланың көлемі: ғылыми мақала – 5-10 бет; практикалық – 3-4 бет; шолу мақаласы, дәріс – 12 беттен аспау қажет.
- Мақаланың үлгісі – А4; мәтін компьютерде Times New Roman қаріпін қолдану арқылы MS Word бағдарламасында терілуі қажет, қаріп – 14, тармақ аралық қашықтық бір жарым,жол: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см. Сөздерді тасымалдауға болмайды.
- Мақұлданғаннан бөлек жұмыс мәтінін қысқарту ескертуде жазылады немесе жеке тізімдемесі беріледі.
- Мақала ашық мөрде мақаланы жариялау мүмкіндігі туралы қорытындымен рецензиямен берілуі қажет.
- Редакцияға мақаланың электрондық нұсқасын (USB-жинақтаушы немесе дискіде) немесе e-mail (төменде көрсетілген) бойынша, сондай-ақ автордың қолымен қағаз түрінде берілуі қажет.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
- Жоғары сол жақ бұрышта УДК индексі.
- Автор (авторлар) туралы мәлімет: автордың аты-жөні, ғылыми атағы, (бас әріптермен) дәрежесі; жұмыс орыны (ұйымның аталуын қысқартпай жазу); қала, ел (курсив).
- Мақаланың тақырыбы (бас әріптермен) орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде.
- Үш тілде аннотация: орыс, қазақ, ағылшын. Аннотация – міндетіне, мазмұнына, түріне, үлгісіне және басқа ерекшеліктеріне қарай құжаттың қысқаша сипаттамасы.
- Түйін сөз (3-тен 6-ға дейін) – мақаланы анықтау мен іздеу жүргізуге болатын мәтіннен алынған белгілі бір сөз. Түйін сөз ретінде келесі терминдерді қолдануға болады:мақаланың аталуы, мақалаға аннотация, мақаланың мәтінінің алғы және қорытынды бөлімі.
- Жарияланатын мақаның мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: өзектілігі, зерттеу мақсаты, материал және әдістер, нәтижелер мен оларды талқылау, нәтиже.
«Кіріспе» бөлімінде зерттелетін мәселенің жағдайы мен оның өзектілігі жазылады. Зерттеу мақсаты көрсетіледі.
«Материал және әдістер» бөлімінде қолданылған әдісетрді, құрылғыларды (аталуы мен өндіруші фирманың мекенжайын көрсету арқылы) және шараларды басқа зерттеушілер алынған нәтижені қолдана алуы үшін қаншалықты қажет болса, соншалықты толық көрсетіңіз. Барлық қолданылатын дәрі-дәрмектер және химиялық заттектер, оның ішінде дженериктердің атауы, мөлшері мен қолданылу жолдары анық көрсетілуі қажет. Шолу мақалалардың авторлары мәліметтерді іздеу, таңдау, бөлу және жинақтау кезінде қолданылған әдістерді сипаттайтын бөлімді қосуы қажет. Бұл әдістер түйіндемеде қысқаша жазылуы қажет.
«Нәтижелер» бөлімінде мәтін, кесте және иллюстрация түрінде логикалық жүйелілік көрсетілуі қажет. Бірінші ретте аса маңызды нәтижелерді көрсету қажет. «Нәтижелер» бөлімінде мәліметтерді жинақтау кезінде саныдқ ақпаратты туынды түрінде (мысалы, пайыздар) ғана емес, сондай-ақ негізінде туынды есептелген абсолюттік мағына түрінде көрсету қажет. Сонымен қатар, мәліметтерді талдау үшін қолданылған статистикалық тәсілдерді көрсету қажет. Кестелер мен суреттердің саны шектеулі болу қажет, оның ішіне мақаланың басты идеясын түсіндіру және растайтын мәліметтерді анықтау үшін қажеттілері ғана кіреді. Графикаларды өте көлемді кестелердің баламасы ретінде қолдану қажет; графикалар мен кестелерде мәліметтерді қайталап көрсетпеу қажет. Кестелер мен суреттерде символдар мен белгілерді көрсетуде мәтіннің басқаша оқылуы болмауы қажет. Суретке түсірілген кестелер қабылданбайды. Әр кестенің қысқаша тақырыбы, кесте бағанасының № және тақырыпша болуы қажет. Суреттер мен диаграммалар қарама-қарсы бейнелеу түрінде көрсетілуі қажет. Сурет астындағы кестелерде немесе жазылған жазуда ғана көрсетілген сілтемелер белгілі кестеде немесе суреттегі мәтіндегі алғашқы ескертуге сәйкес жүйелі түрде нөмірленуі қажет. Кестенің тақырыбы жоғары жағында, сурет жазыу астынғын жағында көрсетіледі. Суреттер редакциялау үшін қолжетімді болуы қажет. Пациенттердің суреттерін қолдану кезінде олардың тұлғасы танылатындай болуы қажет.
«Талқылау» бөлімі: зерттеудің жаңа және маңызды аспектілеріне және оның нәтижесіне ерекше назар аударылуы қажет.
Мәлімдемелер мен нәтижелердің жеткілікті расталмаған дәлелдерін болдырмау арқылы зерттеу мақсатымен нәтижені салыстыру қажет. Сонымен қатар, егер мақалада тиісті экономикалық мәліметтер мен олардың талдамасы болмаған жағдайда экономикалық тиімділік туралы пікірден алшақ болу қажет. Зерттеудің аса маңыздылығы туралы хабарлаудың және толық аяқталмаған жұмысты көрсетудің қажеті жоқ.
Әдебиеттер тізімдемесі 7.1-2003 МСТ-ға сәйкес рәсімделеді және тұпнұсқа тілінде жазылады. Суреттегі мәтіндегі, кестелердегі және жазулардағы библиографиялық сілтемелер жақшада [ ] арап сандарымен көрсетілген тәртіпте нөмірленеді. Тізімге мәтінде көрсетілген басылымдар ғана кіруі қажет.
Мысалы:
Кітап үшін: Авторлардың аты-жөні. Кітаптың басы. — Басылымның қайталануы туралы мәлімет. – Басылым орны: Баспа, Басылым жылы. – Бет саны.
Журналдардан мақала үшін: Авторлардың аты-жөні. Мақаланың тақырыбы //Басылым тақырыбы. – Басылым жылы. – Том, Нөмір. – Беттері.
Еңбектердің жинағы үшін: Авторлардың аты-жөні. Мақаланы тақырыбы//Басылым тақырыбы: Басылым түрі. – Басылым орын, жылы. – Беттері.
Мәжілістің материалдары үшін: Авторлардың аты-жөні. Мақаланың тақырыбы//Басылым түрі. Басылым орны, жылы. – Беттері.
Авторефераттар үшін: Авторлардың аты-жөні. Тақырыбы: автореф. … мед. ғылымдарының канд.: шифр. – Орны: Баспа, Басылым жылы. – Беттері.
Шет елдік кітаптар да осы тәртіпте рәсімделеді.
- Түйіндеме. Мақалада міндетті түрде түйіндеме болуы, мақаланың мазмұнын ашатын түйіндемені орыс тілінде жіберу қажет, қазақ және ағылшын тіліне редакцияда аударылады.
Мақаланың соңында барлық авторлар жөнінде мәліметтерді көрсету қажет: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, ұйымның толық аталуы, индекспен оның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы.
Мақала автордың (авторлардың) өзімен материалдың мәліметінің толық түпнұсқалылығын, мақаланың мазмұнына автордың (авторлардың) жауапкершілігінің айғағы ретінде қол қойылады.
Көрсетілген талаптарға, басылымға сәйкес рәсімделмеген мақалалар қабылданбайды. Редакция мақалаларды қысқартуға және өзгерту енгізуге құқылы.
РЕДАКЦИЯ МЕКЕНЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қаласы, Қонаев көш., 86, Төле би көшесінің қиылысы, 3-қабат, ҚР ДСӘДМ СӨСҚПҰО, тел.: 8 (727) 291-43-92, 8 (727) 291-10-83,
e-mail: tokmurziyeva@yandex.ru, iglikova-a@mail.ru
БАНКОВСКИЕ РЕКВИЗИТЫ (мақалаға төлеу үшін):
ИИК № KZ616010131000121747
РНН 600500055870
БИК HSBKKZKX
АОФ Народный Банк Казахстана
КБЕ 16 КНП 859
БИН 930840000646
Рәсімдеу үлгісі
УДК 616.65-002-007.61
Новые подходы в ной терапии доброкачественной и предстательной железы
Ф.И.О.- д.м.н., профессор, Ф.И.О. – к.м.н., доцент
Место работы
Аннотация
В статье представлены результаты лечения 30 мужчин препаратом «дуодарт», которые показывают, что применение вышеуказанного препарата является достаточно эффективным и снижает риск оперативных вмешательств у мужчин с ДГПЖ.
Ключевые слова: доброкачественная гиперплазия предстательной железы, объем простаты, международная шкала симптомов предстательной железы, объем остаточной мочи.
Текст статьи
Доброкачественная гиперплазия предстательной железы (ДГПЖ) продолжает оставаться одной из основных проблем современной урологии. Прежде всего, это связано с высокой распространенностью данного заболевания: среди мужчин в возрасте 60 лет она составляет 60% и среди пациентов 80 лет и старше – 80% [1].
Әдебиеттер:
-
- Аляев Ю.Г., Винаров А.З., Локшин К.Л., Спивак Л.Г. Выбор метода лечения больных гиперплазией предстательной железы. Методические рекомендации.- Кострома, 2005.-132с.
- Лопаткин Н.А. Доброкачественная гиперплазия предстательной железы. Под ред. Н.А. Лопаткина, Москва, 1999.-78с.
- Girman C.J, Chute C.G., Panser L.A., et al. The prevalence of prostatism: a population-based survey of urinary symptoms // J. Urol. 1993. 150. P. 85-9.
Түйін
Перевод на каз.яз: Еркектік бездің қатерсіз гиперплазиясын консервативті емдеудегі жаңа әдістер
Аты-жөні – м.ғ.д,, профессор, Аты-жөні – м.ғ.к., доцент
Жұмыс орыны
Түйін сөздер: _____________
Summary
Перевод на англ.яз: Новые подходы в консервативной терапии доброкачественной гиперплазии предстательной железы
Ф.И.О.- д.м.н., профессор, Ф.И.О. – к.м.н., доцент
Место работы
Keywords: ___________.