«Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ортақ қатысуы» тақырыбында скайп-вебинар

Бүгін,  яғни 10 ақпан күні сағат 15.00-де Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығында «Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ортақ қатысуы» тақырыбында скайп-вебинар режиміндегі семинар өтеді. Онлайн-режиміндегі семинарға, 14 облыстың және Астана және Алматы қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары  сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы филиалы   жалпы алғанда 250-ден астам адам қатысты.

Сонымен, семинар барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры6 ппрофессо Ж. Баттақова 2017 жылы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандағы үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Жолдауы бойынша кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілу маңыздылығына тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап  мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ортақ қатысуы енгізіледі.

Сонымен қатар, м.ғ.д., профессор Т.И. Слажнева  тұрғындардың  ең маңызды сәттерін  назарға ала отырып, қоғамды қалыптастыруға байланысты өз денсаулығы үшін жауапкершілікпен қарауы туралы баяндамасын оқыды.

Өз кезегінде, экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Г.Төлегенова МӘМС жүйесінің  енгізудің негізгі мәселелері, қаржылық моделдің  принциптері, денсаулық сақтаудағы қаржыландырудың көздері, жарна ставкалары және  оның бөлінуі, соның ішінде төлемінен босатылатын санатқа жататын азаматтар туралы мағлұмат берді, сонымен қатар тұрғындардың жиі берілетін сұрақтарына жауап берді.

Вебинарға қатысушылардың белсенділігін атап өткен жөн. Қызықты мәселер талқыланды оған спикерлер толық жауап берді.


Мемлекеттік рәміздер

_____________________________


Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары

_____________________________

_____________________________

_____________________________