Национальный центр общественного здравоохранения

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

Ақпанның 4-і – қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні

Бұл күнді «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (Қатерлі ісікке қарсы одақ – UICC) 2005 жылы жариялады. Халықаралық күннің мақсаты – қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екенінен барынша хабардар ету, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аударту.
Халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша ақпараттан хабардар болуын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.