Национальный центр общественного здравоохранения

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны шеңберінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының телестудиясында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы директорының орынбасары С.Б. Мусинамен сұхбат өтті.

Әңгімелесу барысында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының негізгі іс-шаралары және АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу жөніндегі өзекті мәселелер баяндалды.