Национальный центр общественного здравоохранения

Мақалаларды рецензиялау ережесі

Мақалаларды рецензиялау ережелері

ҚР ДСӘДМ СӨСҚҰО

«Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурудың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері» журналының редакциясына келіп түскен ғылыми мақалаларды рецензиялау тәртібі

Редакцияға келіп түскен барлық мақалалар тәуелсіз рецензиялаудан өтеді:

  1. «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурудың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері» журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалардың журнал бейініне, рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі жауапты хатшымен қаралып тіркеледі. Жауапты хатшы мақалаларды тәртіпке сәйкес кәсіптік білімі терең және еңбек тәжірибесіне ие маман – профессор, медицина ғылымдарының кандидаты немесе докторына рецензиялауға жібереді.
  2. Рецензиялаушыларға олардың жіберген қолжазбалары авторлардың жекеменшігі болып табылатындығы және оның жариялауға жатпайтын мәліметке жататындығы туралы ескертіледі. Рецензиялаушыларға өздерінің мүдделері үшін мақалалардың көшірмесін жасауға рұқсат етілмейді. Рецензиялау жасырын түрде жүргізіледі. Құпиялылықты бұзушылық тек рецензиялаушы мақалада баяндалған мәліметтердің дерексіздігі немесе бұрмалануы туралы мәлімдеген жағдайында ғана мүмкін. Мақаланы рецензиялауға сол жұмыс жүргізілген мекемеде жұмыс істейтін мамандар қатыстырылмайды.
  3. Рецензиялардың түпнұсқасы редакция алқасында сақталады.

  4. Егер мақаланың рецензиясында оны түзету қажеттілігі көрсетілген болса, онда мақаланы түзету үшін авторға қайтарады. Мұндай жағдайда мақаланың редакцияға келіп түскен күні болып мақаланың түзетуге қайтарылған күні есептеледі.
  5. Авторға түзетуге жіберілген мақала түзетілген күйінде сол айдың ішінде қайта қайтарылуы тиіс. Қайта түзетілген қолжазбаға мақалада көрсетілген барлық ескертулерге жауаптарын қамтитын және барлық өзгертулерді түсіндіретін автордың хатын тіркеу қажет.
  6. Егер мақала рецензиялаушының ұсынымы бойынша едәуір авторлық қайта түзетуге ұшыраған болса, онда осы мақалаға сындық ескертулер жасаған рецензиялаушыға қайтадан рецензиялануы үшін жіберіледі.
  7. Редакцияның автордың қабілетсіздігі немесе редакцияның ұсынысымен санасуды қаламаған жағдайда мақалаларды қабылдамауға құқығы бар.
  8. Мақаланың авторы рецензиялаушының пікірімен келіспеген кезінде журналдың редакциясына дәлелді жауап беруге құқылы. Мақала қайталап рецензиялануға немесе келісу үшін редакция алқасына жіберілуі мүмкін.
  9. Жарияланымдардың мақсатқа сәйкестігі туралы шешім рецензиялаудан кейін бас редактормен, ал қажет болған жағдайда редакция алқасымен қабылданады.

Ғылыми мақаланы рецензиялауға қойылатын ережелер

Рецензиялаудың міндеті – басылым үшін авторлық қолжазбаларды қатаң іріктеу және оларды жақсарту бойынша нақты ұсынымдарды ұсыну болып табылады. Рецензия ғылыми мақаланы әділ түрде бағалауы және оның ғылыми, әдістемелік құндылығын және кемшілігін жан- жақты талдауын қамтамасыз етуі керек. Ұсынылып отырған рецензияның көлемі – 15 мың белгіге (әріптердің арасындағы бос орынды қоса есептегенде) дейін, шамамен мәтіні 12 кегл шрифтімен А4 үлгісінде 1,5 бетке дейін.

Ғылыми мақаланы рецензиялаудың мазмұнына қойылатын талаптар

Рецензиялаушы міндетті:

  1. Мақалада баяндалған материалдың журнал бейініне сәйкестігін анықтау.
  2. Мақала мазмұнының өзектілігін бағалау: мақалада баяндалған материал деңгейінің ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкестігі.

  3. Зерттеу (ғылыми, тәжірибелік) нәтижесінде алынған қорытындылардың маңыздылығын бағалау.
  4. Мақаланың материалын рәсімдеу үшін талаптардың қаншалықты ескерілгендігін көрсету: мақала көлемінің сәйкес келуі, орыс және ағылшын тілдеріндегі түсініктеме, қолданылған әдебиеттер тізімінің және мәтінде оларға сілтеменің бар- жоқтығы, авторлар туралы байланысу мәліметтері және т.б.
  5. Мақалада баяндалған материалға сапалық немесе сандық баға беру:

– нақты;

– мысал ретінде.

6. Келтірілген мәліметтердің толықтығын және анықтығын бағалау.

7. Қолданылған (немесе енгізілген) анықтамалардың дұрыстығын және дәлдігін бағалау.

8. Баяндалған материалдың әдебиеттік стиліне баға беру.

9. Бүтіндей мақала туралы негізделген қорытынды, ескертулер, қажет болған жағдайда – оны жақсарту бойынша ұсынымдар беру.

Аталған сұрақтардың жиынтығы жалпы сипатта жүреді. Әрбір нақты мақала оның бағалануы үшін критеридің таңдалуына жеке көзқарасты талап етеді.

Рецензияның қорытындылау бөлімінде мақалаларды талдау нәтижесі бойынша оның ұсынылған түрінде жариялануы, не болмаса оның түзетілуі немесе қайта жөнделуі (конструктивті ескертулер), тіпті дәл осы журналда оның басылымының жөнсіздігі туралы дәл ұсынымдар берілуі тиіс.