Национальный центр общественного здравоохранения

90-жылдардағы ММСҚ-тың қателерін қайталамау үшін қордың қаржылық тұрақтылығы қалай қамтамасыз етіледі?

ӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері мыналар болады:
– ӘМСҚ қызметінің коммерциялық емес сипаты;
– аударымдар мен жарналардың нысаналы сипаты және олардың қайтарымсыздығы;
– ӘМСҚ-ның активтер түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету;
– ӘМСҚ қаржылық қызметін бағалау;
– аудит және есептілік;
– ӘМСҚ өзіндік қаражаты, сондай-ақ  оның  активтері бойынша жеке есеп (жарналар, өсімпұлдар, инвестициялық кіріс);
– ӘМСҚ активтерін  медициналық қызмет берушілердің қызметтеріне ақы төлеу үшін айрықша қолдану және оларды белгілі қаржылық құралдарға орналастыру;
– Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және Ұлттық банк басқаратын, активтерді тек қаржылық құралдарға орналастыруды көздейтін  ашық инвестициялық саясат;
– қандай да бір үшінші тұлғалардың тарапынан ӘМСҚ активтерінде өндірулерді талап етуге тыйым  салу;
– міндеттемелерді болжамды шығындардың өзекті талдауының нәтижелеріне негіздеп,  ӘМСҚ кірістеріне қатаң сәйкестікте қалыптастыру;
күтілмеген шығындарды жабу үшін резервтер құру.