Национальный центр общественного здравоохранения

Саламатты университеттер

Жастардың денсаулығы ұлттың әлеуетінің мәні болғандықтан, студенттердің денсаулығын сақтау мен күшейту және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы көп.
Соңғы уақытта білікті маманды ғана емес, әлеуметтік белсенділік, салауатты өмір салтына бағдарлану, эстетикалық мұрат пен өмірдің этикалық қалпы секілді сапалы қасиеттері бар тұлғаларды қалыптастыратын әлеуметтік институт ретінде Жоғары мектептің рөлі артуда.
Адам денсаулығы өмірдің мәні болып табылады. Оны ешқандай ақшаға сатып алуға болмайды, оны тек сақтау, күшейту, жетілдіру және жақсарту мен нығайту қажет.
СӨС-ті ұстану аурулардың алдын алуда, сонымен қатар қазіргі студент жастарды аурулардан сақтандарудың басты міндеттердің бірі болып табылады. СӨС профилактикалық бағытта ғана емес, тәрбиелік маңызы да зор. СӨС-ті ұстану тәрбиелік, ұқыптылық, ұйымшылдық, мақсаттылық секілді қасиеттерге бейімдейді.
ДДҰ-ның «Саламатты университеттер» жобасы ДДҰ-ның «Бәріне денсаулық» стратегиясының (Алматы Декларациясы 1978 ж.) қағидаларына, Денсаулықты нығайту бойынша Оттава Хартия философиясына (1986 ж.) және «ХХІ ғ. күн тәртібі» тұрақты дамуға өту бойынша БҰҰ бағдарламасына (1992 ж.) негізделген. Бұл бағдарламалар адамдардың дамуына, оқуына, тәрбие алуына, әл-ауқаты мен өсіп-өркендеуіне біртұтас тәсіл шеңберінде қиын мәселелерді шешуге ықпал етеді.

ДДҰ-ның «Саламатты университтер» жобасына кіретін ЖОО тізбесі

Астана
1. С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университет
2. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет
3. Еуразиялық гуманитарлық институт;
4. Қазақ ұлттық өнер университеті;
5. Қазақ технология және бизнес университеті;
6. Қазақ инженерлік – техникалық академия;
7. Астана қаласының Медициналық университеті;
8. Қазақ Гуманитарлық заң университеті;
9. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті;
10. Қаржы академиясы;

Алматы
1. Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
2. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет;
3. «Тұран» университеті
4. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық  университет
5. Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты;
6. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;
7. Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы;
8. Қазақ ұлттық аграрлық университет;

Алматы облысы
1. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;

Ақмола облысы
1. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универститеті
2. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
3. Гуманитарлық – техникалық академия;
4. Көкшетау техникалық университеті;

Ақтөбе облысы
1. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университет
(БҚММУ);
2. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет (АӨМУ);
3. С. Байшев атындағы Ақтөбе университеті
4. Қазақ-орыс халықаралық университеті;

Атырау облысы
1. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
2. Атырау Мұнай-газ институты
3. Атырау инженерлік – гуманитарлық институты

Шығыс Қазақстан облысы
1. Д. Серікбаев атындағы БҚМТУ
2. Қазақстандық – Американдық еркін университеті (ҚАЕУ);
3. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (СМУ)
4. Семей мемлекеттік медициналық университеті (СММУ);

Жамбыл облысы
1. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (ТарМУ);
2. Тараз мемлкеттік пединституты (ТарМПИ);
3. Тараз инновациялық – гуманитарлық университеті (ТИГУ).

Батыс Қазақстан облысы
1. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
2. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті
3. Еуразиялық академиясының «АТиСО» институты;
4. Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті (БҚИТУ);

Қарағанды облысы
1. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Е. А. Букетов атындағы ҚарМУ);
2. Қарағанды мемлекеттік техникалық университет (ҚарМТУ);
3. Қарағанды мемлекеттік медициналық университет (ҚММУ);
4. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университет;
5. Орталық Қазақстан университеті;
6. О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті (О. А. Байкоңыров атындағы ЖУ);

Қостанай облысы
1. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
2. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты;
3. Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалы;
4. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университеті
5. Ш. Кабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы
6. З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті
7. Руднен индустриялық институты

Қызылорда облысы
1. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Маңғыстау облысы
1. Ш. Есенов атындағы университет

Оңтүстік Қазақстан облысы
1. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік университеті
2. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы;
3. М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институт
4. «Мирас» университеті
5. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті