Национальный центр общественного здравоохранения

Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні

Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні алғаш рет 2005 жылы 14 мамырда өтті. 2006 жылдан бастап Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Дүниежізілік Гипертония лигасы осы тақырыпқа арналған жыл сайынғы оқиғаларды 17 мамырға белгіледі.
Жоғары артериялық қысым немесе артериялық гипертония – миокард инфаркті мен ишемиялық инсульт дамуындағы ең қауіпті фактор. Дүниежүзінде 1,5 миллиардтан астам адам осы қатерлі аурудан зардап шегеді. Статистика деректері бойынша науқас адамдардың 45%-ға жуығы артериялық қысымының жоғары екенін білмейді.
Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне арналған іс-шараларды өткізу мақсаты – артериялық гипертонияның қауіпті асқынуы туралы халықтың хабардар болуын арттыру, бұл аурудың алдын қалай алуға болатыны туралы ақпарат тарату.
Сондықтан артериялық гипертонияның алдын алу, диагностикасы және емдеу шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында ДДСҰ жыл сайын Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күнін өткізу жөнінде бастама көтерді. Артериялық гипертония мәселесін шешуге назар аударту артериялық гипертонияны асқындыратын жүрек-қантамыры ауруларына бір уақытта тиімді профилактика жүргізуге мүмкіндік береді.
Артериялық гипертония туралы нені білу керек?
-Гипертония, әсіресе, қант диабетімен, подаграмен не бүйрек ауруымен ауыратын адамдар арасында таралған.
-Гипертония симптомдары байқалмайтын ауру болып табылады.
-Гипертония жүрек ұстамасы мен инсульт қаупін ұлғайтады.
-Семіздіктен зардап шегетін және ішімдік ішуге әуес адамдардың арасында гипертонияның таралу қаупі өте жоғары.
-Жас ұлғайған сайын систоликалық қан қысымын қадағалау маңызды.
-Салмақ жоғалтуға арналған кейбір дәрі-дәрмектер гипертониялық аурудың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.