Национальный центр общественного здравоохранения

Қазақстанда балалардағы семіздіктің таралуы туралы зерттеу нәтижелері

2022 жылғы 3 наурызда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) бірлесіп Қазақстанда балалардағы семіздіктің таралуы туралы зерттеу нәтижелерін ресми түрде онлайн режимінде ұсынады.
Іс-шараның мақсаты:
– Балалардың семіздігі мен артық дене салмағын, тамақтануын және дене белсенділігін эпидемиологиялық қадағалау 2020 ж. нәтижелерін ұсыну;
– Мектеп жасындағы балалар арасында дене салмағының және аз қимылды өмір салтының көбею мәселесіне қоғамның назарын аудару;
– Дұрыс тамақтану және қозғалыс белсенділігі саласындағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.
Балалардың артық салмағы мен семіздігі қоғамдық денсаулық сақтау саласының маңызды проблемасы болып табылады, ол барлық дамыған елдерде шиеленісе түсуде және Қазақстанда алаңдатарлық үрдістерге ие болуда.
2020 жылы ҚДСҰО Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – “ДДҰ”) және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен бастауыш сынып балалары арасында мультицентрлік зерттеу – ДДҰ (COSI, Childhood Obesity Surveillance Initiative) әдіснамасы бойынша балалардың семіздігіне эпидемиологиялық қадағалау жүргізгенін атап өткен жөн.
Осы зерттеудің нәтижелері балалық шақтағы семіздікке эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, 6-9 жас аралығындағы балалар арасында артық салмақ пен семіздіктің таралуын бағалау, оны қалыптастыру факторлары және “Дені сау ұлт” ұлттық жобасы аясында семіздіктің алдын-алу шараларының тиімділігін бағалау жүйесінің негізі болып табылады.
Осы зерттеулер COSI бойынша халықаралық есепке кіреді және Қазақстан Республикасында артық салмақ пен семіздіктің таралуына COSI жобасына қатысушы басқа елдермен салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға м. ғ. д., ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау бірінші Вице-министрі Марат Шоранов, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі др. Каролин Кларинваль, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі др. Артур ван Дизен және т. б. қатысады.

Қосылуға сілтеме: https://who.zoom.us/j/93888175693
ID: 938 8817 5693. Пароль: !CosiKaz22

БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 2 наурызда сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүргізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты эл. пошта: press.ncoz.mz@gmail.com, тел.: 954151, моб. тел. 87017050416, 87781376357 бойынша жолдау керек.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі: press.ncoz.mz@gmail.com, жұм тел.: 954151, ұялы тел. 87017050416, 87781376357

Жүктеу: 3 наурыз бағдарлама