Национальный центр общественного здравоохранения

Токтарова Майра Абдразаковна

Басқарушы директор

Тоқтарова Майра Әбдіразаққызы 1978 жылы 05 мамырда Түркістан облысы Ленгер қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін “Гигиена-эпидемиология” мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – “Гигиенист-эпидемиолог дәрігер”. Денсаулық сақтау саласының үздігі, ДДҰ жасөспірімдер денсаулығын сақтау бойынша сертификатталған тренері және Мәскеу психоанализ институты магистратурасының тыңдаушысы.
Жұмыс тәжірибесі:
• 13.11.2001 жылдан 08.02.2010 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидмиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде дәрігер болып жұмыс істеді;
• 08.02.2010 жылдан 14.06.2010 жылға дейін “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы” ШЖҚ РМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.;
• 14.06.2010 жылдан 2012 жылдың шілдесіне дейін “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы” ШЖҚ РМК Ғылыми-инновациялық бөлімінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.;
•  09.07.2012 жылдан бастап 2015 жылғы қыркүйекке дейін – ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті Адами ресурстарды дамыту басқармасының сарапшысы;
• 2015 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы 11 маусымға дейін – ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті Адами ресурстарды дамыту басқармасының бас сарапшысы;
• 2019 жылғы 24 маусымнан 2021 жылғы наурызға дейін – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кәсіби даму институтының бас сарапшысы;
• 2021 жылғы сәуір-қыркүйек аралығында – ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының Ғылым және кәсіптік білім бөлімінің маманы;
• 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап – ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК басқарушы директоры.