Национальный центр общественного здравоохранения

Аманбаева Айнұр Мұратқызы

Атқарушы директор

Аманбаева Айнұр Мұратқызы 1978 жылы 29 қарашада дүниеге келген.
1996 жылы “Әділет” Жоғары мектеп колледжін “Құқықтану”мамандығы бойынша бітірген.
2001 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (Нархоз) Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін “Халықаралық экономист” мамандығы бойынша аяқтады.
2003 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін “Казкоммерцбанк” АҚ Ақмола филиалында бухгалтер болып жұмыс істеді.
2006 жылғы желтоқсаннан 2010 жылғы наурызға дейін “Еуразиялық банк” АҚ Алматы филиалдарында сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, одан кейін банк операцияларын әкімшілендіру департаментінің өңірлік басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2010 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін “Дельтабанк”АҚ Алматы филиалының кредиттік операцияларды әкімшілендіру және есепке алу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2012 жылдың наурыз айынан 2015 жылдың тамыз айына дейін “Бәсекелік саясатты дамыту және қорғау орталығы” АҚ Бас бухгалтері қызметін атқарды.
2015 жылғы тамыздан 2019 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің “Ұлттық сараптама орталығы” ШЖҚ РМК бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтер, содан кейін ішкі аудит қызметінің аудиторы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың қазан айынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін Алматы қаласы әкімдігінің “Алматы тұрғын үй” ЖШС Бас бухгалтері болып жұмыс істеді.
2020 жылғы қаңтардан 2021 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің “Ұлттық сараптама орталығы” ШЖҚ РМК филиалы директорының штаттан тыс көмекшісі болып жұмыс істеді.
2021 жылдың шілдесінен қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Экономика және қаржы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2021 жылғы 12 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК атқарушы директоры лауазымында жұмыс істейді.