Национальный центр общественного здравоохранения

“Ashyq” қосымшасындағы мәртебеңізді қалай тексеруге болады?

Кино, кафе, мейрамхана, фитнес-орталығына барғыныз келеді, ал сіз мәртебеңіздің қандай екенін білмейсіз.
Мәртебеңізді қалай білуге болатындығы туралы қарапайым нұсқаулық.

Смартфонға “Ashyq” қосымшасын орнату арқылы:
№1 қадам. «Ashyq” қосымшасын жүктеп алыңыз;
№ 2 қадам. «Ashyq” қосымшасын ашыңыз;
№3 қадам. Тіркеуден өтіп, өзіңіздің ЖСН еңгізіңіз;
№4 қадам. Смартфон камерасын QR кодына апарыңыз;
№5 қадам. Мәртебеңізді алу үшін QR кодты сканерлеңіз.

Ескерту: осылайша сіз қоғамдық орындарға барған кезде, сондай-ақ Ashyq.kz сайтынан мәртебеңізді тексере аласыз.

Смартфонға “Ashyq” қосымшасын орнатпаған жағдайда:
№1 қадам. Жеке басты куәландыратын құжатты көрсетіңіз;
№ 2 қадам. Мекемеге кіруді бақылайтын қызметкер сіздің мәртебеңізді тексереді.
№3 қадам. Шектеулер болмаған жағдайда ғимараттарға кіруге болады.

Ескерту: “Ashyq” қосымшасында мекемеге кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция қарастырылған, олар ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы келушілердің мәртебесін тексере алады.

Шетелдік азаматтар үшін: резидент еместердің мәртебесін мекемеге кіруді бақылайтын қызметкер “Ashyq” қосымшасына паспорт нөмірін қолмен енгізу арқылы жүргізеді.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады:
Азаматтар үшін 1414, заңды тұлғалар үшін 1432.

Мәртебелердің жазылуы:
Жасыл: келушіде 72 сағаттан аспайтын уақытта алынған теріс нәтижесі бар ПТР тест болу керек, яғни бұл шектеусіз емін-еркін жүруге болады деген сөз;
Көк: ПТР сынағы қажет жерлерден басқа барлық жерде еркін жүруге болатынын білдіреді;
Сары: байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенімен, басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады;
Қызыл: мәртебе ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелері үйде оқшаулану тәртібін қатаң сақтау қажет.

Дереккөз: https://t.me/ashyqkz