Национальный центр общественного здравоохранения

ҚДСҰО бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша оқыту курсын жалғастыруда

2021 жылы 22-26 ақпан аралығында ҚДСҰО мамандары медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Covid – 19 кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету және оперативті орталықтардың жұмысы» атты оқыту курсын өткізді.

60 сағаттық циклді (2 кредит) ҚДСҰО директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіпов, цифрландыру және биостатистика бөлімінің мамандары Әсел Абакова, Жәнібек Ерубаев және Мағжан Бекмағамбетов жүргізді.

Айта кетейік, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Ақмола облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері курс тыңдаушылары болды.

Оқыту барысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға талдау жасалды, еліміздегі COVID – 19 індетін күнделікті жинау, өңдеу және мониторингілеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарды тіркеу тыңдаушыларға өз саласындағы эпидемиологиялық ахуалдың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамын жасауға мүмкіндік берді.

Мамандар деректерді енгізу және сүзгілеу, есептік нысандарды түсіру, қарапайым және құрама диаграммаларды құру және оларды PowerPoint презентациясында рәсімдеу, сондай-ақ матрица құру әдістемесін игерді.

Сонымен қатар, олар R және R Studio бағдарламасын игерді, бұл оларға өз аймағындағы эпидемиологиялық жағдайдың паспортына күн сайын өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Оқу курсы аяқталғаннан кейін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының м.а. Жәмила Баттакова тыңдаушыларға «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлікті табыс етті.