Национальный центр общественного здравоохранения

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және «JANYM» қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен «JANYM» қоғамдық бірлестігі балалар мен жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту және сақтау мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«JANYM» қоғамдық бірлестігі – бұл балалар мен олардың ата-аналарына, жастарға тегін психологиялық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба, онлайн платформа.
БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) деректері бойынша, Қазақстанда 15-19 жастағы жасөспірімдер жыныстық қарым-қатынасқа түсе бастайды және сексуалды және репродуктивті денсаулық туралы дұрыс сауаты жоқ. Жасөспірімдердің көпшілігі (91%) АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы білмейді.

Балалар мен жасөспірімдердің жылдан жылға жыныстық қарым-қатынасқа түсуінің ерте басталуы, қорғалмаған сексуалды қатынастар, еріксіз және кездейсоқ жыныстық қатынастар (көбінесе алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде), қажетсіз жүктілік, босану, түсік тастау, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) жұқтыру, АИТВ, репродуктивті жүйенің қабыну аурулары және т.б. алаңдаушылық тудырады.
Жасөспірімдерге олардың репродуктивтік құқықтары, өз денсаулығына ұқыпты қарау, қауіпті мінез-құлықтың барлық салдары туралы, қорғану туралы, жауапкершілік туралы сенімді түрде хабардар ету маңызды. Бұдан бір күнде жасөспірім бұл білімді өзінің және жақындарының игілігі үшін пайдаланады деген үміт бар, – деді ҚДСҰО жастар мен балалардың денсаулығын нығайту бөлімінің басшысы Раушан Бердыбекова.
Меморандум аясында бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмысы, жастардың репродуктивті денсаулығы мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық қызметтер көрсету, балалар мен жастардың денсаулығын сақтау мен нығайту және оларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару жүзеге асырылатын болады.

Балалар мен жастарды репродуктивті денсаулық туралы хабардар ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық материалдар (бейнероликтер, инфографикалар және брошюралар) Қазақстан Республикасының Жастар денсаулық орталықтарына, әлеуметтік желілерге және т.б. таратылатын болады.
Сонымен қатар, ҚДСҰО балалар мен жастарға репродуктивті денсаулық туралы маңызды сұрақтарға жауап беруде тегін көмек көрсетілетін жедел желіні іске қосуды жоспарлап отыр.