Национальный центр общественного здравоохранения

«Жастар арасында темекі шегу үлкен проблема болып отыр» – ДСМ өкілі

Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда 2019 жылы темекіні тұтыну өлім-жітімге және мүгедек болуға себеп болған жетекші 10 фактордың арасында үшінші орынды алады.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова цифрлар мен фактілерге сүйеніп, қазақстандықтардың зиянды әдеті туралы айтып берді.

Темекі өнімдерінің барлық түрлерінің ішінде өнеркәсіп өндірісі сигареттерін тарту Қазақстанда кеңінен таралған. 2019 жылы ересектер арасында жүргізілген темекі тұтыну туралы (GATS) Жаһандық сауалнама деректері бойынша 15 жастан асқан екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың адам – 19,8%-ы темекі шегетіндердің қатарында болды. Олардың арасында әйелдерге қарағанда -5,7%, ерлер -35,5% едәуір көп болды.

Қазақстан Республикасында 2019 жылы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Ұлттық стастистка бюросының Ақпараттық-есептеу орталығымен бірлесіп, ДДСҰ және CDC қолдауымен, GATS сауалнамасының екінші раундын өткізді.

Ауыл тұрғындарының 16,3%-ы, қала тұрғындарының 22,2%-ы темекі шегеді.

Қазақстандықтарды темекіге ерте баулу алаңдаушылық тудырады. Егер ер адам орта есеппен 17,4 жаста темекі шегуді бастаса, онда әйелдер 18,5 жаста темекі шеге бастайды. Осылайша, жастар 19-20 жаста зиянды әдеттің құрбаны болады. Күнделікті және көп мөлшерде темекі шегу туралы сөз қозғалып жатыр. Дәлірек айтқанда, ер адамдар күніне орта есеппен 16 сигарет, әйелдер күніне орта есеппен 13 сигарет тартады.

Күнделікті темекі шегушілердің арасында 57,5% -ы ояна салысымен 30 минут ішінде темекі шегетінін хабарлады. Бұл никотинге тәуелділіктің жоғары дәрежесін көрсетеді. Шетелдік ғалымдардың пікірінше, таңертең аш қарынға темекі шегу өкпенің немесе ауыз қуысының қатерлі ісігінің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының туындауына себеп болуы мүмкін.

Егер темекі шегуден бас тартудың жоғарыда аталған себептері әлі де жеткіліксіз болса, онда мынаны есте сақтау керек: короновирус инфекциясының пандемиясы – бұл жаман әдеттен бас тартуға түрткі болатын тағы бір фактор. COVID-19-бен ауырған темекі шегушілер темекі шекпейтіндерге қарағанда 14 есе қарқынды емдеуді қажет етеді деген деректер бар.

Алайда, сауалнама деректері бойынша, Қазақстанда үш темекі шегушінің біреуі ғана соңғы 12 айда темекіні тастауға тырысқан. Никотин өте тәуелді болғандықтан, темекіні тастау қиын болуы мүмкін, бірақ адамның темекіні тастау мүмкіндігін арттыратын әртүрлі дәлелденген тәсілдер мен медициналық көмек қызметтері бар.

Ең алдымен, темекі шегудің алдын алу жұмыстары жасөспірімдерге де, жастарға да бағытталуы керек. Темекі компанияларының белсенді жарнама жұмысы және темекі бағасының төмен болуы жасөспірімдер мен жастар арасында темекі шегудің басталуы мен жалғасуын тездетеді.

Осыған байланысты осы мәселені шешу үшін кешенді тәсіл қажеттілігі пайда болды.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мынандай әдістерді атап көрсетеді: бұқаралық ақпарат құралдарындағы науқан, темекі өнімдерінің бағасын көтеру, түтінсіз орта, мектептегі алдын алу бағдарламалары, темекіні тастағысы келетіндерге көмек көрсету.

Егер темекінің адам денсаулығына зиянды әсері туралы үнемі айтатын болсаңыз, жаман әдетті жою дағдысы өз нәтижесін береді.

Дереккөз: https://sn.kz/densaulyk/77967-zhastar-arasynda-temeki-shegu-ulken-problema-bolyp-otyr-kr-dsm-okili